mcmxtr

6 декабря, 2018

06.12.18ж. Еуразия ғылыми-зерттеу институтында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының докторанты Таджиев Хамидулла «Шәді Жәңгірұлы шығармаларындағы діни-ағартушылық идеялар» атты семинар өткізді.

Семинарында Таджиев Хамидулла ақын Шәді Жәгірұлының қысқаша өмірбаянына тоқталып өтіп, бұл тақырыпта ғылыми зерттеу жүргізуінің басты мақсаты мен қандай нәтижеге қол жеткізгісі келетіні туралы баяндады. Шәді Жәгірұлының шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгергенін, дәстүрлі тақырыптарды дін және білім тұрғысынан зерттеп, оны өлең жолдарына түсіргенін айтты. Ол бүгінгі ұрпақтар үшін Шәдінің өлеңдері аса маңызға ие екенін атап өтті.
19 ноября, 2018

Османлы Мемлекеті мен Орта Азия Хандықтары Қарым- қатынастары құжаттарының көрмесі Алматыда қаласында өз көрермендеріне ашылды.

19 қараша 2018 жылы Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы, Түркия Республикасының Алматы Бас консулдығы және Түркия Республикасының Президентінің Мемлекеттік мұрағатының қолдауымен «Османлы Мемлекеті мен  Орта Азия Хандықтары Қарым-қатынастары құжаттарының» көрмесі өтті.
16 ноября, 2018

2018 жылдың 16 қарашасында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Сельчук университеті Өнер және дизайн факультетінің декан орынбасары профессор, доктор Нургүл Кылынч «Жоғары білім саласындағы сапа және сыртқы бағалау үдерісі» атты семинар өткізді.

Проф. Доктор Нургүл Кылынч семинарында «Сапа кепілдігі» терминін түсіндіріп, білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйелері қалай жұмыс істейтіні туралы айтып берді. Кылынч Түркияда бұған қатысты нормативтік құқықтық жүйе қалыптастырылғанын атап өтіп, 2015 жылы 23 шілдеде ресми газетте «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету туралы нұсқаулық» жарияланғанын айтты.
16 ноября, 2018

2018 жылдың 16 қарашасында Сельчук университеті Өнер және дизайн факультетінің оқытушысы доктор Тугба Шенер «Тұтынушылардың баяу сәнге қатысты құндылықтарды қабылдауы: Түркия және Қазақстан мысалдары негізінде зерттеу» атты семинар өткізді.

Семинарда доктор Тугба Шенер «баяу сән» ұғымы мен жалпы баяу сәндегі сапа түсінігі туралы толық ақпарат берді, сондай-ақ тұтынушылардың баяу сәнде қандай ерекшеліктерді жоғары бағалайтынын Түркия мен Қазақстан мысалдары негізінде баяндап берді.
13 ноября, 2018

13.11.18 ЕҒЗИ ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде Таяу шығыс техникалық университеті Халықаралық қатынастар бөлімінің профессоры,доктор Хусейн Багджының «Түрік сыртқы саясатының негізгі динамикасы» атты конференциясы өтті

Түрік әуе жолдарының (THY) қолдауымен Еуразия ғылыми-зерттеу институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті бірлесіп ұйымдастырған конференцияға THY Алматы компаниясының директоры Хасан Саваш Ерден, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер,...
12 ноября, 2018

2018 жылдың 12-қарашасында Еуразия Ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен ODTÜ Халықаралық қатынастар бөлімінің профессоры, доктор Хусеин Бағжының «Еуразия аймағындағы қауіпсіздік құрылымы» атты конференциясы өтті.

Конференцияны ашып берген Еуразия Ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер, профессор Хусеин Бағжының ғылыми еңбек жолы туралы сөз қозғап, конференцияға қатысушыларға құнды мәліметтер ұсынды.
5 ноября, 2018

05.11.18 күні Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында болды.

Сапар барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Жанат Сейдуманов Ұлттық кітапхананың тарихын қысқаша түсіндіріп өтіп, кітапхана туралы баяндап берді. Сейдуманов Ұлттық кітапханада сақталған тарихи шығармалар мен ескі кітап жинақтары туралы мағлұмат берді.
1 ноября, 2018

1-ші қараша 2018 күні Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Әсет Ордабаев «Инфрақұрылымдық жобаларды дамыту: Орталық Азиядағы мүмкіндіктер мен қауіптер» атты семинар өткізді.

Ордабаев семинарында Еуразия аймағында орын алған оқиғаларға және Азия мен Еуропаны бір-біріне байланыстыратын жаңа көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға және құруға қатысты үлкен өзгерістерге назар аударды. 2013 жылы басталған Қытайдың «Бір белдеу бір жол» жобасына бірте-бірте басқа елдер де қосыла бастағанын тілге тиек етті.
4 октября, 2018

2018 жылы 4 қазанда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Лидия Пархомчик «Ақтауда V Каспий саммиті: нәтижелер мен перспективалар» атты семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Лидия Пархомчик семинарында Ақтау қаласында өткен V Каспий саммитінде елдер арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынастарды айқындайтын бірқатар мәселелердің шешімі табылғанын мәлімдеді.
27 сентября, 2018

27.09.18 Түркияның Таяу Шығыс техникалық университетінің(ODTÜ)оқытушысы және Юнус Эмре институты Ғылыми кеңесінің мүшесі,профессор,доктор Мелахат Білге Демиркөз Қазақстандағы ғылыми іс-сапары барысында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ЕҒЗИ конференция өткізді

Түркия Республикасы Президент әкімшілігінің арнаулы қолдауымен, сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Юнус Эмре институтының ұйымдастыруымен Еуразия ғылыми-зерттеу институтында өткен семинар-конференцияға Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз мырза бастаған құрметті қонақтар мен институты қызметкерлері қатысты.