Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер модераторлық еткен панельде Испанияның Paneuropa бас хатшысы PhD Карлос Уриарте, Пиза университетінің докторанты Филиппо Верре және ADASTRA ғылыми-зерттеу орталығының зерттеушісі Ирина Запоризка өз баяндамаларын жасады.
Панель, Paneurop ұйымының бас хатшысы PhD Карлос Уриартенің баяндамасымен басталды. PhD Карлос Уриарте баяндамасында су мен су ресурстары мәселесі біртіндеп Орталық Азия саясатының басты күн тәртібінің біріне айналғанын айтты. Баяндаманың жалғасында Орталық Азияда су ресурстары жеткілікті болғанымен, аймақтың едәуір бөлігі шөл және шөлейт жерлерден тұратындығына байланысты су тапшылығы бар аймаққа жатқызуға болатындығын жеткізді. Аймақтағы су проблемасын қозғаушы факторлардың бірі – аймақтағы өзендердің көпшілігінің трансшекаралық сипатқа ие болуы. Геосаяси қатерлер ескерілмесе де экологиялық факторлар мен климаттың өзгеруі күшейген сайын, су тапшылығының халыққа тигізетін кері әсерлері байқала бастайды. Аймақтың барлық аймақтарына қарап, үкіметтер қоршаған ортаны және су ресурстарын басқаруда тұрақты саясатты ұстанатанатынын айту мүмкін емес. Елдер саясатты аймақтық перспективадан гөрі, өздерінің ұлттық мүдделеріне сәйкес жүргізеді және бұл кейде шиеленістің күшеюіне себеп болады. Бұл тұрғыда Рогун ГЭС-і мен Қарақұм каналын мысалға келтіруге болады. Жақында Қытайдың аймақтық су жобаларына қосылуымен аталмыш шиеленіс одан сайын арта түсуде. Орталық Азия шектен тыс индустрияланбаған аймақ екенін ескерсек, әділ және рационалды су саясатын қабылдау арқылы аталған шиеленістер мен ақтимал проблемалардың алдын алу қиын емес сияқты.
Панельдің екінші баянадамаысн Пиза университетінің докторанты Филиппо Верре жасады. Филиппо Верре Оңтүстік-Батыс Азиядағы, әсіресе, Мьянмадағы су ресурстары туралы баяндамасында Қытайдың ежелден бері аймақтың негізгі сыртқы геосаяси күші болғанын және көптеген су инфрақұрылымы жобаларына қатысқанын айтты. Баяндаманың жалғасында Мьянмадағы соңғы саяси оқиғалардың Мьянмаға жоғары геосаяси қызығушылық танытатын Қытайдың қатысуынсыз болмайтынын жән Мьянма Малакка бұғазы жабылған жағдайда Қытайға Үнді мұхитына шығуға мүмкіндік беретініне байланысты Мьянманың маңыздылығын атап өтті. Бұл мүмкіндік Қытайдың Батыспен қарым-қатынасындағы геосаяси маңыздылығын арттыратын фактор болып табылады. Мьянманы Қытай үшін маңызды ететін тағы бір фактор – оның көмірсутегі ресурстарының бай болуы. Энергия импорты болмаса, Қытай өзін-өзі максимум екі апта бойы қамтамасыз ете алатыны белгілі. Бұл тұрғыда Мьянма арқылы Үнді мұхитына еркін шығу Қытайдың энергетикалық қаупін азайтады. Осындай маңыздылыққа ие болғандықтан, Қытай басқа инфрақұрылымдық инвестицияларға, әсіресе Мьянмадағы су жобаларына ондаған миллиард доллар жұмсайды. Қытайдың елдегі ықпалының күшеюі Мьянма қоғамын алаңдатып отырғанын, сондықтан көптеген наразылық акциялары болғанын да айта кеткен жөн. Тағы бір айта кететін жайт, Қытай Иравадди өзеніне салатын бөгет құрылысы төңкеріске дейін қарсылық білдіргендіктен тоқтағанымен, төңкерістен кейін де бөгет құрылысы жалғасуы әбден мүмкін. Сонымен бірге Мьянмаға төңкерістен кейінгі кезеңде қолданылатын оқшаулау саясатының елді Қытайға жақындату және оған тәуелді ету ықтималдығы болғанын ескеру қажет.
Панельдің үшінші баяндамасын ADASTRA ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Ирина Запоризка жасады. Ирина Запоризка өз баяндамасында Таяу Шығыстағы су жанжалдарына тоқталды. Баяндамада Таяу Шығыста суға қол жеткізудегі қиындықтарға байланысты қақтығыстардың біртіндеп көбейіп келе жатқаны айтылды. Әлемнің ең құрғақ және ыстық аймақтарының бірі – Таяу Шығыс аймағы, өзінің гетерогенді мәдени құрылымымен қақтығыстар мен шиеленістерге ашық аймақ. Бұл тұрғыда аймақтағы ыстық нүктелердің бірі – Иордания өзені екенін атап өткен жөн. Иордан өзенінің айналасындағы геосаяси жағдай араб-израиль қақтығысының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Әсіресе облыста соңғы он жылда орташа температураның едәуір жоғарылауы және жауын-шашынның төмендеуі байқалады. Екінші жағынан, аймақ тұрғындарының да көбейгенін атап өткен жөн. Таяу Шығыстағы шиеленісті нүктелердің бірі – Түркия-Сирия-Ирак желісі су ресурстарына қатысты. Бұл аймақтағы трансшекаралық сулар туралы белсенді келіссөздер ондаған жылдар бойы жүргізіліп келеді.
Қатысушылардың сұрақ-жауаптарымен әртүрлі мәселелер талқыланған панель Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің қорытынды сөзімен аяқталды.