Аймақтағы саяси және қауіпсіздік мәселесінің маңызы күн өткен сайын арта түскен кезеңде Орталық Азия елдерінің басшылары, атап айтқанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев және Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің төрағалығымен Президенттердің консультативтік кездесуін өткізді. Кездесуде Орталық Азия Президенттерімен қатар, Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысының Орталық Азиядағы арнайы өкілі Наталья Герман да қатысты.
PDFЕркінбек Тұрғынов қазіргі уақытта Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтында ізденуші ретінде қызмет атқаруда. 2005-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде бакалавр, 2014-2016 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-де магистратура бойынша білім алды. 2008 жылы Республикалық «Жалын» журналында тілші болып жұмыс бастады. Қазіргі уақытта Б.Майлин шығармашылығын оқыту әдістемесі бойынша PhD диссертациясын жазып жүр.