2022 жылдың 25 қаңтарында Қытайда Орталық Азия елдерімен дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған виртуалды саммит өтті. Екі күннен кейін, 27 қаңтарда Үндістан да дипломатиялық қарым- қатынастың 30 жылдығын тойлауға Орталық Азия елдерінің барлық басшыларын жинады. Екі виртуалды саммитке де Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан президенттері қатысты. Қытай мен Үндістан арасындағы дәстүрлі бәсекелестікті ескере отырып, тұспа-тұс келген екі саммит кездесулері Орталық Азия аймағындағы ықпалды бәсекелестікпен қатар, геосаяси бәсекелестік тұрғысынан кеңірек қарастырылды.

