2015 жылы Барак Обама кезінде қол қойылған «Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспары» (JCPOA) келісімі 2017 жылы Америка құрама штаттарының (АҚШ) президенті болып сайланған Дональд Трамптың бірнеше рет сынына ұшыраған болатын. Келісімнің Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасын қамтымайтынын білдіріп, оны тарихтағы ең нашар келісім деп бағалаған Трамп басқа елдердің қарсылығына қарамастан, 2018 жылы 8 мамырда АҚШ-тың келісімнен шыққанын, ал, қараша айында мұнай сатып алуға тыйым салумен қатар, Иранға қарсы санкциялардың қалпына келтірілгенін жариялады.
PDFҚанапиянова Жулдыз Бақытқызы, 1986 жылы 26 желтоқсанда ШҚО-да туылған. 2004 жылы орта мектептi қызыл аттестатпен бiтiрген соң, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетiнiң халықаралық қатынастар факультетiне түседi. 2008 жылы халықаралық қатынастар бакалавр дәрежесiн күндiзгi бөлiмде шет тiлдердi меңгере отырып үздiк тамамдайды.