2022 жылдың 6 ақпанында 10 аймақты қамтыған «ғасыр апаты», яғни Каһраманмараштағы 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі халқымызды айтып жеткізгісіз ауыртпалыққа душар етті. Бүгінге дейін 38 мыңнан астам адам қаза тауып, 100 мыңнан астам адам жарақат алғаны және 47 мыңнан астам ғимараттың қирауы немесе қатты зақымдалуы (TRT Haber, 2023) аталмыш ауыр апаттың салдарының қаншалықты үлкен екенін көрсетіп отыр. Қирандыларды тазартып, іздестіру-құтқару жұмыстарын аяқтаған кезде бұл көрсеткіш айтарлықтар арта түсуі де мүмкін.
Мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтар жанқиярлық күш-жігерімен үйінді астындағы адамдардың өмірін сақтап қалуға тырысып жатқанда, тұтас ел болып жұмылып, апат аймағына елдің түкпір-түкпірінен көмектер жөнелтіліп, зардап шеккен отандастардың аз да болса жарасын емдеуге құлшыныс жасалды. Осы тұрғыда жер сілкінісі аймағында 35 мың іздестіру-құтқару қызметкері мен 250 мың мемлекеттік қызметкер нақты жұмыс атқарды. 2022 жылдың 9 ақпанында төтенше жағдай жарияланып, 10 аймақты қамтитын жер сілкінісі аумағына қатысты шұғыл, орта және ұзақ мерзімді әртүрлі шешімдер қабылданды. Аталған төтенше жағдайда Президент Режеп Тайып Ердоғанның апат аймағына сапары кезінде, сондай-ақ одан кейін жариялаған шешімдеріне сәйкес: 1 жыл ішінде бүкіл жер сілкінісі аймағында тұрғын үй қажеттілігін қамтамасыз ету; бірінші кезекте отбасыларға 10 мың лира және қайтыс болғандардың туыстарына 100 мың лира, ең соңында жер сілкінісі аймағынан көшкісі келетіндерге 15 мың лира көші-қон көмегі мен 5 мың лира жалға алу қолдауы сынды кейбір шұғыл жәрдем пакеттер жарияланды. Екінші жағынан, бүгінге дейін ел іші мен шетелдерден Түркия Республикасы Ішкі істер министрлігінің Апат және төтенше жағдайлар басқармасына (AFAD) көрсетілген көмек көлемі 8,3 миллиард доллардан асты (TRT Haber, 2023).
Түркия халқы ауыр апаттың алғашқы күнінен-ақ ұлт болып жұмылып, ынтымақтаса күресіп жатқан кезде көптеген ел қолдау көрсетіп, 100-ге жуық елден көмек ұсыныстары түсті. Осы орайда президент Режеп Тайып Ердоғанға 42 елден мемлекет басшылары мен үкімет басшылары деңгейінде қолдау және көңіл айту қоңыраулары келіп, 84 елден жалпы 10943 адамнан тұратын іздестіру-құтқару топтары жер сілкінісі болған аймаққа жетсе, 61 елден 444 рейспен түрлі гуманитарлық көмек жеткізілді (IHA, 2023).
Жер сілкінісіне байланысты Түркияға Еуразия аймағынан берілген көмек пен қолдауды алып айтар болсақ, тиісті елдердің халқы да, ондағы түрік азаматтары да жұмыла көмек көрсеткені белгілі. Ең алдымен, жер сілкінісінің бірінші күні барлық аймақ елдерінің мемлекет және үкімет басшылары телефон мен басқа да байланыс арналары арқылы Түркияға көңіл айтып, қолдау білдірумен қатар, өз елдерінде Түркия елшіліктеріне арнайы барып, көңіл айтты. Мемлекет және үкімет деңгейіндегі ресми тұлғалармен қатар, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері де аттың алғашқы күннен бастап Түркияның дипломатия өкілдеріне көңіл айтып, қолдау көрсетіп келеді. Түрлі елдерден, әсіресе Әзірбайжан, Қазақстан, Пәкістан, Грекия және Армениядан министрлер деңгейінде Түркияға жоғары деңгейдегі қолдау сапарлары жалғасты (NTV, 2023). Түркияда жарияланған ұлттық аза тұту күніне қолдау мақсатында Албания мен Солтүстік Македония да бір күндік ұлттық аза тұту жариялады. Мемлекеттер деңгейінде ресми түрде жарияланған қаржылық қолдауға қоса, басталған көмек науқандары аясында Ресей, Орталық Азия, Кавказ және Балқан елдерінен шамамен 50 миллион доллар көлемінде қайырымдылық көмегі жиналды. Бұлардан бөлек Түркияға сол аймақтардан жөнелтілген көрпе, шатыр, жылытқыш, киім-кешектен тұратын заттай көмек көлемі 3 мың тоннадан асты. Әлемнің түкпір-түкпірінен жіберілген іздестіру-құтқару топтарына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Грузия, Ресей, Украина, Босния және Герцеговина, Солтүстік Македония, Албания, Сербия, Греция, Болгария, Румыния және Мажарстан да қарқынды түрде қатысты. Аталмыш елдерден жалпы 2945 іздестіру-құтқару қызметкері апат аймағында нақты жұмыс істеді. Сонымен қатар, жер сілкінісі аймағына арналған төтенше және бірінші кезектегі материалдардың қатарына жататын 7135 шатыр кідіріссіз Түркияға жеткізілді.
Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) да алғашқы күннен бастап Түрік билігімен тығыз ынтымақтастық жасап, мүше елдердің іздестіру-құтқару топтарының аймаққа жету жұмыстарын жылдам ұйымдастырды. Сондай-ақ, ұлттық аза тұту жариялануына байланысты ТМҰ орталығында мүше мемлекеттердің туын жартылай түсіру туралы шешім қабылдады. Каһраманмарашқа арнайы барған ТМҰ бас хатшысы Кубанычбек Өмуралиев жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін ТМҰ дайындаған гуманитарлық көмекті AFAD-қа жеткізді. Түркі мемлекеттеріндегі қоғамдық мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен қолға алынған көмек науқандарының жалғаса беретіні сөзсіз.
Қорыта айтқанда, геологиялық табиғи апат саналатын жер сілкінісі кез келген апат сияқты өлім-жітім мен мал-мүлік шығынына әкелумен қатар, психологиялық, әлеуметтік және экономикалық күйзелістерге де түрткі болады. 13 миллион адам тұратын үлкен аймақты қамтыған зілзала қоғамның барлық топтарына, әсіресе балаларға тікелей немесе жанама түрде әсер ететіні сөзсіз. Жер сілкінісінен психологиялық зардап шеккендер арасындағы шамамен 7 миллионға жуық баланы оңалту үшін қажетті шаралардың дереу қабылдануы өте маңызды. Онсызда, іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқан кезде, мемлекеттік мекемелер қажетті шараларды қолға алғаны белгілі (AA, 2023). Қорытындылай келе, Ерзинжан, Гөлжүк және Ван жер сілкіністерімен қатар басқа да апаттарды бастан өткерген түрік мемлекеті мен түрік халқы ауыр апатты жеңетін күшке, мүмкіндікке және әлеуетке ие. Осы орайда жер сілкінісінен қаза тапқандарға Алладан иман тілеп, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, қолдауы мен көмегі үшін дос, бауырлас елдерге шексіз алғысымызды білдіреміз.
Суат Бейлур Анкарадағы Йылдырым Беязыт университетінде «Әлеуметтану» мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін және Хаджеттепе университетінде халықаралық қатынастар саласында магистр дәрежесін алды. Бейлур Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтына келгенге дейін Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігінде (YTB) сарапшы, директор, бөлім басшысы және кеңесші болып жұмыс істеді. Оның негізгі ғылыми қызығушылық салалары: Орталық Азия мен Балқандағы әлеуметтік өзгерістер, дін мен мемлекеттің қарым-қатынасы, диаспора