2022 жылдың 5-маусымы күні Қазақстан Республикасының Ата заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыхалықтық референдум өтті. Орталық референдум комиссиясының мәлімдемесіне сәйкес, референдумға 11 734 642 адамның 7 985 769 (68,05 %) қатысқан. Оның ішінде 6 163 516 азамат «иә» деп дауыс берсе, 1 490 470 адам «жоқ» деп дауыс берген. ҚР Орталық референдум комиссиясының есебі бойынша Қазақстанның 17 облысында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада азаматтардың жартысынан көбі қолдап, дауыс бергендіктен, референдумға ұсынылған Ата заңға қатысты өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді.

