Жаңғырту үдерісімен бірге қарқындай түскен жаһандану үрдісі адамзат өмірінің әрбір саласына дерлік бұрын-соңды болмаған өзгерістер әкелді. Негізі, заманауи әлем ұғымы қарапайым көзқарастан пайда болды. Бұған дейінгі кезеңде адамға діни, саяси және әлеуметтік-мәдени тұрғыда қысым көрсетіліп, оның шығармашылық қабілеттеріне кедергі келтірілді деген тұжырым үстем болған еді. Сондықтан да метафизика, трансценденттік және киелілік сынды құндылықтар адамзат пен қоғам идеясының алдында тұрған тосқауыл болып саналатын. Бірақ мәселелерге шешім таппай басқа көптеген мәселелердің туындауына себепкер болған, сүйіспеншілік пен киеліктен жұрдай болған болмыс идеясы бүкіл әлем бойынша әсіресе батыс ойшылдарында күмән тудыра бастады. Бұған қоса, өркениет пікірталастары күн тәртібіне енді.
Ұлы өркениеттер заманауи адамның зияткерлік және экзистенциалдық тұрақсыздықтарына қарсы өзінің ішкі динамикасы мен тарихына сүйене отырып ізденістерге кірісті. Әсіресе соңғы үш жүз жылда дағдарыс кезеңін басынан кешірген ислам өркениеті түрлі себептерге байланысты жаңғырту және жаһандану үдерісінен ауыр зардап шекті. Бүгінгі таңда мұсылман қауымы ислам әлемінің барлық елдерінде дерлік өз ішінде де, әлемде де тіршілік үшін күресуде. Алайда, мұсылман елдері сол географиялық аймақта XIII ғасырға дейін үстем өркениет болып, Адам Мец айтқандай өмірдің барлық салаларында «Мұсылмандық ренессанс» пен ислам мәдениетінің алтын дәуірін бастан өткерді. Бұл дәуірдің рухын алып қарайтын болсақ, ислам өркениетінің негіз қалаушы, жеткізуші және өнегелік элементтерінің үйлесім тапқанын көруге болады. Осы кезеңде ғылымнан өнерге, философиядан медицинаға, астрономиядан физикаға, психологиядан жеке дамуға дейінгі салаларда әмбебап сипаттағы туындылар мен идеялар пайда болды. Қандай да бір өркениеттің жетістігі мен ұзақ ғұмыры оның материалдық және рухани дамуының қатар жүруіне байланысты. Ислам мәдениеті өркендеген кезеңде бұл екеуінің теңгерімі қамтамасыз етілгенін байқауға болады.
Ислам өркениеті қалыптасу үдерісінде бес ұлы өркениетке тап болғаны және олармен зияткерлік талас-тартысқа енгені белгілі. Бұл тұрғыда бұл өркениеттің қалыптасуында ислам жаңғыруының Азияға кеңеюі айрықша рөл ойнады. Ислам ілімінің исламға дейінгі түркі дүниетанымымен ұштасуы түркі-ислам синтезін алып келді. Мәуереннаһр және Түркістан аймағының ең маңызды тұлғаларының бірі – түркі халықтарының жүрегін жаулаған Түркістан пірі Қожа Ахмет Ясауи. Қысқасы, Қожа Ахмет Ясауи. ислам өркениетінің негізгі құндылықтарына сүйене отырып, өзі өмір сүрген ортада осы құндылықтарды насихаттады.
Соңғы жылдары ел ішінде де, халықаралық аренада да Ахмет Ясауи іліміне деген қызығушылықтың артқанын байқауға болады. Бұның түрлі әлеуметтік, саяси, діни және мәдени себептері бар. Әсіресе соңғы жылдары ислам әлемінде орын алып жатқан қатерлі оқиғалар, діни фанатизм, тәкфіршілдік, радикализм, саяси қайшылықтар мен қақтығыстар мұсылмандарды рухани ізденіс жасауға итермелеп, өз мәдени кодтарындағы ақыл мен жүрек бірлігін алға тартатын идеяларға әкелді. Солтүстік мұсылмандық деп те аталатын бұл тармақ Әбу Ханифа, Имам әл-Матуриди және Қожа Ахмет Ясауи пікірлері мен хикметтерін негізге алып, Анадолы ілімін қалыптастырды.
Қожа Ахмет Ясауидың қайтыс болғанына 850 жыл толуына орай бауырлас түркі мемлекеттерінің бастамасымен ЮНЕСКО деңгейінде «2016 жыл – Қожа Ахмет Ясауи жылы» деп жарияланды. 2016 жылы 18 ақпанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ТҮРКСОЙ кафедрасымен бірлесе отырып, Қожа Ахмет Ясауидың қайтыс болуының 850 жылдығына арналған «Қожа Ахмет Ясауидың рухани мұрасы» атты халықаралық семинар-практикум ұйымдастырды. Қожа Ахмет Ясауидің мұрасының маңызын қайта еске түсіріп, келешек ұрпаққа жеткізу және бұл еңбектерді неғұрлым жоғары деңгейге көтеру мақсатында бұл семинар-практикумда жасалған баяндамалар мен Орта Азиядағы, әсіресе Қазақстандағы мамандардың зерттеулері жинақталған бұл кітап сараптамадан өтті және екі тілдегі қысқаша мазмұндамасымен оқырман назарына ұсынылды. Жалпы Еуразия аймағы, оның ішінде түркітілдес елдер арасында мәдениет, тіл, тарих және т.б. салаларда бірігіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған Еуразия ғылыми-зерттеу институтының бұл кітапты жариялау мақсаты – түркі мәдениеті тарихындағы маңызды тұлғалардың бірі болған және ана тілі түркі тілін қолдану арқылы ауқымды аудиторияға ықпал еткен алғашқы түркі сопысы Қожа Ахмет Ясауидың өмірін, шығармашылығын, идеяларын қоғамға кеңінен түсіндіру және осы салада жасалған зерттеулерге үлес қосу.
Қожа Ахмет Ясауидың бейбітшілік, бауырластық және төзімділік сияқты құндылықтарға негізделген хикметтері жалпы ислам діні, оның ішінде түркі әлеміндегі мағыналар дағдарысына шешім табу әлеуетіне ие. Мұсылман зиялы қауымының міндеті осы рухани мұра мен әлеуетті ашып, олардың түпнұсқа нысандарын бұзбай қазіргі адамзат өміріне әкелу. Осы мақсатқа қызмет етеді деген ниетпен әзірленген «Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы» атты кітап үш бөлімнен тұрады. Қожа Ахмет Ясауи туралы зерттеулердің ауқымы және сипаты атты бірінші бөлімде Ясауитанудағы дереккөздер мәселесі және кейбір маңызды дереккөздерді енгізу, Ясауитануда каталогтандыру, дереккөздерге қол жеткізу және жариялау кезінде туындайтын мәселелерді зерттейтін мақалалар қарастырылды. Қожа Ахмет Ясауи идеясының ықпалы және маңызы атты екінші бөлімде Ясауиға ықпал еткен және оның ықпалына түскен өнер, әдебиет және суфизм ағымдарын зерттеген мақалалар ұсынылды. Қожа Ахмет Ясауи идеясының әмбебаптылығы және құндылықтар жүйесі атты үшінші бөлімде Ясауи дәстүрінің қазіргі жағдайы мен маңыздылығы қарастырылған мақалаларға басымдылық берілді. Түрік, қазақ және орыс тілдеріндегі мақалаларды қамтыған бұл еңбекте оқырманға жалпы көзқарас ұсынылды, бұған қоса түрлі тілдердегі мақалалардың мазмұнымен танысу мақсатында олардың қысқаша мазмұнының аудармасы жасалды.
Осындай еңбектің жарыққа шығуына қолдау көрсеткен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз мырзаға алғысымызды білдіреміз. Алдарыңыздағы еңбекті құрастыруға мақалаларын ұсынып, үлес қосқан барша ұстаздарымызға алғыс айтып, Алла Тағаладан кітабымыздың ислам, білім, даналық, адамгершілік және бауырластық жолында ізгі істерге себеп болуын тілейміз.
Doç. Dr. Nevzat Şimşek lisans eğitimini Ankara Üniversitesi, Siyasal Bilgiler Fakültesi, Kamu Yönetimi Bölümü’nde 1994 yılında tamamlamıştır. Dokuz Eylül Üniversitesi, Sosyal Bilimler Enstitüsü, İktisat Anabilim Dalı Genel İktisat Programı’nda 1998 yılında “Fiyatların Konjonktürel Davranışına İlişkin Bir Araştırma, 1963-1995 Türkiye Örneği” isimli yüksek lisans çalışmasını, 2005 yılında ise Dokuz Eylül Üniversitesi, Sosyal Bilimler Enstitüsü, İktisat Anabilim Dalı’nda “Endüstri-içi Dış Ticaret (Türkiye’nin Endüstri-içi Dış Ticaretinin Analizi)” isimli doktora çalışmasını tamamlamıştır.
Dr. Aidarbek Amirbek lisans eğitimini Selçuk Üniversitesi, İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi, Uluslararası İlişkiler Bölümü'nde tamamlamıştır. 2008 yılında Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi, Siyaset Bilimi Anabilim Dalında "Soğuk Savaş Sonrası Kazakistan – Türkiye İlişkileri'nin Öncelikleri" isimli yüksek lisans çalışmasını, 2014 yılında ise Gazi Üniversitesi, Sosyal Bilimler Enstitüsü, Uluslararası İlişkiler Anabilim Dalında "Soğuk Savaş Sonrası Türkiye ve Rusya'nın Yakın Çevre Politikaları'nın Karşılaştırmalı Analizi: Orta Asya Örneği" isimli dokt