2021 жылы 8 желтоқсанда Германия федеративтік республикасының 20-шы шақырылымдағы Федералды мәжілісіндегі (Бундестаг) дауыс беруде социал- демократиялық саясаткер Олаф Шольц елдің жаңа федералды канцлері болып бекітілді. Бундестагтағы 736 депутаттың дауыс беруге қатысқан 707-сінің 395-інің қолдауына ие болған Олаф Шольц ресми түрде Германия канцлері ретінде ант берді. Осылайша Германияның да, Еуропалық Одақтың да (ЕО) саяси тарихында маңызды із қалдырып 16 жыл үзіліссіз канцлер қызметін атқарған Ангела Меркельдің дәуірі аяқталды. Ендеше, Меркельден кейінгі Германияның болашағы жаңа канцлер Олаф Шольц кезінде қалай қалыптасатыны талқылауды қажет ететін мәселенің бірі.
PDFӨмірбек Қанай қазіргі кезде Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтында ізденуші болып жұмыс атқаруда. Ол 2010 жылы ҚХР Орталық ұлттар университетінің Қазақ тіл-адебиеті факультетіне түсіп, 2009 жылы аяқтады. 2008-2009 жж. аралығында Германияның Юутус Либик атындағы Гиссен университетінің Түркология бөлімінде білім асырды. 2010-2013 жж. аралығында Германияның Юутус Либик атындағы Гиссен университетінің Түркология бөлімінде түркология мамандығы бойынша докторантура оқыды. Аталған бөлімде 2010-2012 жж.