Азық-түлік бағасы – экономикалық және саяси тұрақтылықта маңызды рөл атқаратын көрсеткіштердің бірі. Азық-түлік бағасы сұраныстың артуына (негізінен Азия елдерінен), қаржы нарығының айналымына, экспорттық шектеулерге, нарықтағы жағдайлардың өзгеруіне, өндірістің баяулауына, валютаның құнсыздануына, мұнай бағасының өсуіне, биоотынға сұраныстың және қорлардың төмендеуіне қатысты әр түрлі факторларға байланысты болып келеді. Соңғы пандемия әлемдік азық- түлік нарығы үшін ең қиын факторлардың біріне айналып, азық-түлік бағасына айтарлықтай әсер етті.
PDF
Азимжан Хитахунов Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып табылады. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен бакалавр, магистр және PhD дәрежелерін алды (PhD докторлық бағдарламасын Италияның Болонья қаласында орналасқан Джонс Хопкинс Университеті Жетекші халықаралық зерттеулер мектебімен бірлесе отырып аяқтады).