2022 жылғы 19 мамырда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын еске алуға арналған Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы жөнінде конференция өткізді.