2021 жылы 24 маусымда Саясат, экономика және қоғам зерттеулер қоғамы (SETA) Сыртқы саясат дирекциясының зерттеушісі доктор Мехмет Угур Екінжі «Түркия-Балқан қатынастары» атты онлайн семинар өткізді.
Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған семинарда Мехмет Угур Екінжі өз баяндамасын Балқан түбегінің маңыздылығын түсіндіруден бастады. Экран арқылы Балқан географиясын картадан көрсетуге тырысып, Балкан атауының түбекке қатысты екенін мәлімдеді. Ол Балқан түбегін географиялық және саяси картадан көрсете отырып, бүгінгі күні, әсіресе, соңғы жиырма жыл ішінде Балқан елдерінің Еуропалық Одаққа (ЕО) интеграциялануы аймақтағы саясатты анықтайтын қозғаушы күш болғанын атап көрсетті.
Семинардың жалғасында Мехмет Угур Екінжі ЕО тұрғысынан алып қарағанда шығысқа кеңею геосаяси стратегия екенін жеткізді. Ол Балқан елдерінің саясаты туралы әңгіме қозғағанда осы елдердің ортақ күн тәртібіне назар аударылғанын тілге тиек етіп, Балқан саясаты ретінде талқыланған аймақ ЕО-дан тыс алты мемлекетті қамтитындығын түсіндірді. Қазіргі уақытта Балқан елдері туралы сөз болғанда Албания, Косово, Черногория, Босния-Герцеговина және Сербия сынды елдер меңзелетінін жеткізді. Хорватияның да Балқан саясатының ішінде қарастырылған, бірақ 2013 жылы ЕО-ға кіргеннен кейін, бүгінгі таңда оқтын-оқтын өзекті тақырыптар пайда болып, Босния мен Герцеговинадағы хорват мәселесі айтылған кезде Хорватия сөз болатынын атап өтті. 2014 жылы ЕО-ға қосылған Словенияның Балқан саясаты мен басқа да еуропалық қатынастардан алшақтап кеткенін атап көрсетті.
Ал, Түркияның ресми саясаты Балқанды тұтас қарастыру екенін түсіндірді. Сонымен қатар, Балқан түбегінің Түркия үшін қандай маңызы бар екенін және Түркияның Балқан үшін сыртқы күш санамайтынын түсіндірді. Мехмет Угур Екінжі өзінің көрсеткен картасында Түркияны Балқан түбегінің бір бөлігі ретінде көрсетілгенін атап өтіп, Түркия мен Балқан елдері тарихи және экономикалық байланыстар тұрғысынан бір-бірімен тығыз байланысты елдер екенін мәлімдеді. Бұл Еуропаға деген күдік тұрғысынан Түркияға мәдени және діни тұрғыдан алыс сияқты көрінген елдердің де кейбір мәселелерде Түркиямен ортақ екенін атап көрсетті. Сонымен бірге саяси мәдениеттер тұрғысынан да жақындық бар екенін мәлімдеді. Ортақ мәселелерге байланысты Түркия мен Балқан арасындағы қарым-қатынастың әлеуеті жоғары екенін айта отырып, бұл әлеуеттің нақты қарым-қатынас ретінде іске асуы тарихтан бері тым мүмкін болмағанын жеткізіп, бұның халықаралық саясатқа да байланысты екендігін мәлімдеді. 1930 жылдары басталған Балқан келісімі туралы әңгімелей отырып, Қырғи қабақ соғыс кезіндегі Түркия-Балқан қатынастарына да тоқталды. Албания мен Түркия қарым-қатынасына шолу жасап, қазіргі жағдайы туралы баяндады. 1999-2000 жылдар Түркия мен Балқан қатынастары тұрғысынан бетбұрыс болғандығын атап өтіп, осы жылдары аймақтағы құрылымдық жағдайлар және күш тепе-теңдігінде өзгерістер болғанын айтты. Осы барыста Түркия мен Балқан арасындағы берік негіздегі қарым-қатынастың бұзылғанын жеткізді. 1999-2000 жылдары Балқандағы соғыстар аяқталып, Косоводағы соғыстан кейін аймақтағы тәртіп пен тұрақтылықты сақтауда ЕО-ның белсенді рөл атқарғанын айтты. Бұл бағытта «Тұрақтылық келісімі» орнап, ЕО-ның кеңею перспективасы Балқан елдерін де қамтығанын атап өтті. Осылайша аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнағанын және оның ұзақ уақытқа созылатынын атап көрсетіп, бұл үдерістің маңызды екенін мәлімдеді.
Семинар соңында Мехмет Угур Екінжі Түркия мен Балқан арасындағы байланыстар мен екіжақты қатынастар 2000 жылдан бастап оңға басып келе жатқанын мәлімдеді. Ол мәселені ішкі саяси факторлар тұрғысынан қарастырып, Түркияның ішкі саясаты мен экономикасындағы өзгерістерге тоқталды. Түркия-Балқан қатынастарының қазіргі жағдайы туралы статистикалық мәліметтерді бөлісіп, Түркия-Балқан қатынастарын сыртқы сауда, инвестиция, дамуға ресми көмек және туризм тұрғысынан қарастырды. Босния мен Герцеговина және Сербия астаналарын байланыстыратын тасжол жобасы туралы айтып, бұл магистраль бейбітшілік жолы болатындығын жеткізіп өз баяндамасын аяқтады.
Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша пікір алмасты. Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер семинары үшін доктор Мехмет Угур Екінжіге алғысын білдіріп, болашақта осы тақырыпта маңызды жарияланымдар мен зерттеулер жасалуы керек екенін айтты.