01

November 1, 2018

1-ші қараша 2018 күні Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Әсет Ордабаев «Инфрақұрылымдық жобаларды дамыту: Орталық Азиядағы мүмкіндіктер мен қауіптер» атты семинар өткізді.

Ордабаев семинарында Еуразия аймағында орын алған оқиғаларға және Азия мен Еуропаны бір-біріне байланыстыратын жаңа көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға және құруға қатысты үлкен өзгерістерге назар аударды. 2013 жылы басталған Қытайдың «Бір белдеу бір жол» жобасына бірте-бірте басқа елдер де қосыла бастағанын тілге тиек етті.