16

November 16, 2018

2018 жылдың 16 қарашасында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Сельчук университеті Өнер және дизайн факультетінің декан орынбасары профессор, доктор Нургүл Кылынч «Жоғары білім саласындағы сапа және сыртқы бағалау үдерісі» атты семинар өткізді.

Проф. Доктор Нургүл Кылынч семинарында «Сапа кепілдігі» терминін түсіндіріп, білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйелері қалай жұмыс істейтіні туралы айтып берді. Кылынч Түркияда бұған қатысты нормативтік құқықтық жүйе қалыптастырылғанын атап өтіп, 2015 жылы 23 шілдеде ресми газетте «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету туралы нұсқаулық» жарияланғанын айтты.
November 16, 2018

2018 жылдың 16 қарашасында Сельчук университеті Өнер және дизайн факультетінің оқытушысы доктор Тугба Шенер «Тұтынушылардың баяу сәнге қатысты құндылықтарды қабылдауы: Түркия және Қазақстан мысалдары негізінде зерттеу» атты семинар өткізді.

Семинарда доктор Тугба Шенер «баяу сән» ұғымы мен жалпы баяу сәндегі сапа түсінігі туралы толық ақпарат берді, сондай-ақ тұтынушылардың баяу сәнде қандай ерекшеліктерді жоғары бағалайтынын Түркия мен Қазақстан мысалдары негізінде баяндап берді.