Женгизхан Жаналтай семинарында Түркия Республикасы 1991 жылы 30 тамызда Әзербайжан Республикасының тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет екенін атап өтіп, Түркия мен Әзербайжан арасындағы бауырластық қатынастар стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткенін айтты. Екі елдің бір-бірімен көрші болуы, мәдени ұқсастықтары және бірқатар сыртқы саяси көзқарастарының ұштасып жатуы екіжақты қатынастардың оң бағытта дамуын қамтамасыз етеді. […]