27

January 27, 2022

2022 жылы 27 қаңтарда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Жандос Құдайбергенов «Арал теңізі экологиясының Арал өңіріне әсері және мәселелерін шешу жолдары» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Женгизхан Жаналтайдың кіріспе сөзінен кейін баяндамасын бастаған Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Жандос Құдайбергенов алдымен Арал теңізінің құрғау алдындағы жай-күйіне тоқталып, Арал теңізінің экологиялық мәселесін басндады. Жандос Құдайбергенов Кіші Арал мен Үлкен Аралдың ара-жігін ажыратып, Үлкен Арал  қараусыз қалғандықтан бірте-бірте тартылып бара жатқанын атап өтті. […]