10

September 10, 2022

2022 жылдың 7-9 қыркүйек күндері Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен V Халықаралық экономика, қаржы және энергетика конгресі (EFE’2022) өтті.

2014 жылдан бері екі жылда бір рет жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан конгрес биыл Сараево халықаралық университеті, Нью-Йорк Тирана университеті және Ибн Халдун университетімен бірлесіп өткізілді. Пандемиядан кейінгі әлемдегі негізгі экономикалық, қаржылық, саяси және энергетикалық үдерістерді ғылыми тұрғыдан талқылауға бағытталған EFE’2022 конгресі бетпе-бет және онлайн (аралас әдіс) қатысу форматында өтті. […]