22

September 22, 2022

2022 жылдың 22 қыркүйегінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Гарвард университеті Фэйрбанк қытайтану орталығы бірлесіп «Шығыс пен Батыс деректеріндегі Қазақ хандығы шекарасының қалыптасуы» атты конференция өткізді.

Конференцияның ашылу сөзін сөйлеген институт директоры, доктор Суат Бейлур Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Гарвард университетінің Фэйрбанк қытайтану орталығы бірлесіп ұйымдастырған конференцияның тарихи карталар негізінде Қазақ хандығының  шекараларының таныстырылуын ашып көрсету арқылы картографиялық және аймақтық зерттеулерге, әсіресе қазақ тарих ғылымына маңызды үлес қосуды мақсат […]