2019 жылдың қарашасында Синдзо Абэ Жапонияның тарихына премьер-министрдің қызметін ең ұзақ атқарған саясаткер ретінде кіріп, бұл көрсеткіш бойынша ХХ ғасырдың басында үкіметті басқарған Таро Кацураны басып озды. Сайлау алды науқаны кезінде халыққа Жапония конституциясын, әсіресе оның 9-шы пацифистік бабын қайта қарауды уәде еткен Абэ 2020 жылға үлкен жоспар құрды, оны іске асыру үшін ол сол жылы Жапонияда өтуі тиіс болатын Жазғы Олимпиада ойындары кезінде жалпыұлттық сана-сезімнің оянуына ерекше үміт артты.

