April

April 28, 2022

2022 жылдың 28 сәуірінде Назарбаев қорынан доктор Арай Ильясова-Шонфельд «Саясатты тасымалдау қабілеті және жеке тұлғалардың рөлі: Қазақстан мысалы» атты онлайн семинар өткізді.

Қазақстанның Болон үдерісіне қатысуы жайында өзінің зерттеулері туралы баяндама жасаған доктор Арай Ильясова-Шонфельд Қазақстанның Болон үдерісіне қатысқан Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет екенін және бұл мүшелік ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен келіссөздердің нәтижесі болғанын тілге тиек етті. Доктор Арай Ильясова-Шонфельд ұзақ жылдар бойы КСРО-ның басқаруында болған Қазақстанның білім беру саласындағы мәселелерінің тереңде […]
April 19, 2022

2022 жылы 19 сәуірде тәуелсіз зерттеуші доктор Пэт Уолш «Геосаясат және Османлы империясының жойылуы / Түркия республикасының құрылуы» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Доктор Пэт Уолш Осман империясының соңғы кезеңдеріндегі жаһандық және аймақтық геосаяси оқиғаларға тоқталып, Түркия республикасының құрылуы туралы әңгіме өрбітті. Британ империясының рөлі туралы айта отырып, доктор Пэт Уолш Ұлыбританияның Ресейге қарсы Осман империясының жағында болғанын, алайда 1890 жылдары Ұлыбританияның Осман империясына деген қызығушылығын жоғалтқанын, керісінше немістер Осман империясына назар аудара […]
April 14, 2022

2022 жылы 14 сәуірде Өзбекстан Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының ғылыми қызметкері, доктор Бахтиор Есчанов «Энергияға көшудегі халықаралық ынтымақтастықтың рөлі: Өзбекстаннан мысалдар» атты онлайн семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін доктор Бахтиор Есчанов сөзін Орталық Азия елдері соңғы бірнеше жылда таза жаңартылатын энергияға көшу үдерісіне белсенді түрде қатысып жатқанын айтудан бастады. Семинарда доктор Бахтиор Есчанов бұл елдердің үкіметтері БҰҰ тұжырымдаған тұрақты даму мақсаттарына сәйкес міндеттеме алғанын айтып, Өзбекстан мен […]
April 7, 2022

2022 жылы 7 сәуірде Хитит университеті Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, доцент, доктор Эмре Чытак «Онлайн радикалдану және терроризм» атты семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін Хитит университеті Халықаралық қатынастар бөлімінің оқытушысы, доцент, доктор Эмре Чытак бұқаралық ақпарат құралдары мен цифрлық технологиялардың дамуымен бірге пайда болған онлайн радикализм, террор және терроризм ұғымдары туралы ақпарат берді. Кибертерроризмнің киберқауіпсіздіктің жетіспейтін аспектісі екеніне баса назар аударған доцент, доктор […]