15

December 15, 2022

2022 жылдың 15 желтоқсанында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтында «Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл» атты панель өтті.

Панель модераторы Институт директоры доктор Суат Бейлур өзінің кіріспе сөзінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты қазақ халқымен бірге күллі түркі халықтарының да құндылықтарын зерттеп, олардың маңызды күндерін атап өтуде әрқашан үлкен жауапкершілікте екенін атап өтті. Бұл панельдің осы ауқымда ұйымдастырылған шара екенін айта келе доктор […]