November 2022

November 25, 2022

2022 жылы 25 қарашада Анкара университетінің ректоры, профессор, доктор Неждет Үнүвар мен Гази университетінің ректоры, профессор, доктор Мұса Йылдыз Қазақстанға сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

Институт директоры, доктор Суат Бейлур, Анкара университетінің ректоры, профессор, доктор Неждет Үнүвар мен Гази университетінің ректоры, профессор, доктор Мұса Йылдызға Еуразия ғылыми-зерттеу институтына келгені үшін алғысын білдіріп, институт және институт жұмыстары туралы ақпарат берді. Гази университетінің ректоры, профессор, доктор Мұса Йылдыз университеттің бұрынғы Өкілетті кеңесінің төрағасы ретінде институттың атқарған жұмыстарынан […]
November 24, 2022

2022 жылы 24 қарашада Түркияның Шетелдегі түріктер және туысқан қауымдастықтар басқармасының (YTB) төрағасы Абдулла Ерен Қазақстанға сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

Институтымызға арнайы келген Шетелдегі түріктер және туысқан қауымдастықтар басқармасының делегациясы мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Риза Акынжыға алғысын білдірген институт директоры, доктор Суат Бейлур жалпы институт пен институт қызметі, сондай-ақ атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Шетелдегі түріктер және туысқан қауымдастықтар басқармасының төрағасы Абдулла Ерен өз сөзінде Еуразия […]
November 18, 2022

2022 жылы 18 қарашада Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Көші-қонды зерттеу қорының ғылыми қызметкері, доктор Мехмет Көсе «Diaspora Engagement Policies The Case of Türkiye» тақырыбында семинар өткізді.

Институт директоры, доктор Суат Бейлур өзінің кіріспе сөзінде Көші-қонды зерттеу қорының қызмет салалары мен доктор Мехмет Көсенің қызығушылық танытатын салаларын айта отырып, көші-қон құбылысының жаһандық саясаттағы маңызының артып келе жатқанын тілге тиек етті. Семинарында доктор Мехмет Көсе диаспораның даму барысы туралы қысқаша мәлімет бергеннен кейін алдымен этникалық, ұлт, ұлттық және […]