December

December 15, 2022

2022 жылдың 15 желтоқсанында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтында «Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл» атты панель өтті.

Панель модераторы Институт директоры доктор Суат Бейлур өзінің кіріспе сөзінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты қазақ халқымен бірге күллі түркі халықтарының да құндылықтарын зерттеп, олардың маңызды күндерін атап өтуде әрқашан үлкен жауапкершілікте екенін атап өтті. Бұл панельдің осы ауқымда ұйымдастырылған шара екенін айта келе доктор […]
December 9, 2022

2022 жылдың 9 желтоқсанында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында өткен «Мирзиёев дәуіріндегі Өзбекстандағы әлеуметтік-экономикалық даму» халықаралық конференциясы Өзбекстан Даму стратегиясы орталығының (ДСК) атқарушы директоры Эльдор Туляковтың қатысуымен өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тұран университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Мұхтар Әвезов атындағы Әдебиет және өнер институтының зерттеушілері мен студенттер де қатысқан конференцияның ашылу сөзін сөйлеген доктор Суат Бейлур терең өркениет тарихы бар Өзбекстанның Орталық Азиядағы маңызды ел екенін, президент Шавкат […]