Ресейдің Украинаға шабуылдары басталған 2022 жылдың 25 ақпанынан бастап Батыс елдері, әсіресе Еуропалық Одақ (ЕО) Ресейге қарсы тоғызыншы санкция пакетін жүзеге асырды. Әрбір санкция пакеті әр уақытта әртүрлі секторлар мен жеке тұлғаларды нысанаға алу арқылы Ресейдің шабуылдарын тоқтатуға бағытталған. Ресей бұл санкцияларға қарсы Еуропаға төлемдер үшін табиғи газды рубльмен экспорттайтынын мәлімдеді [Euractive.com, 2022]. Бұл Ресейдің тұрақсыз валютасын қолдау және сонымен бірге еуропалық көршілерімен Украинаға басып кіргені үшін Батыстың санкцияларына қарсы кек алу тәсілі ретінде қарастырылды.
PDFҚанапиянова Жулдыз Бақытқызы, 1986 жылы 26 желтоқсанда ШҚО-да туылған. 2004 жылы орта мектептi қызыл аттестатпен бiтiрген соң, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетiнiң халықаралық қатынастар факультетiне түседi. 2008 жылы халықаралық қатынастар бакалавр дәрежесiн күндiзгi бөлiмде шет тiлдердi меңгере отырып үздiк тамамдайды.