Е-бюллетень

April 9, 2026

АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) мен Израиль 2026 жылғы 28 ақпанда Иранның әскери нысандарына бағытталған «Эпикалық қаһар операциясы» (Operation Epic Fury) атты бірлескен әуе соққыларын бастағаннан кейін, халықаралық жүйе соңғы кезеңдегі ең тұрақсыз геосаяси шиеленіс кезеңдерінің біріне өтті. Тегеранның «Қарсылық осі» деп сипаттаған құрылымымен бетпе-бет келген АҚШ–Израиль шабуылы Иранның қарымта әрекеттерінің […]
February 15, 2026

Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері

Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) деректеріне сәйкес, 2022–2024 жылдар аралығында әлемдік әскери шығындар бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Жыл сайын тұрақты өсім көрсетіп, 2,4 триллион АҚШ долларынан асқан бұл шығындар жаһандық жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) шамамен 2,3 пайызына тең болды. 2024 жылы бұл көрсеткіш 2,5 пайызға дейін көтеріліп, Қырғи қабақ […]
January 26, 2026

V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар

Түркі халықтарында ежелден келе жатқан, тамыры терең “құрылтай” институты қазақтарда да тарихи тұрғыдан хандар мен ел ағалары маңызды шешімдерді ақылдаса отырып қабылдайтын үлкен ақыл-кеңес алаңы. Қазіргі кезеңде Ұлттық құрылтай осы дәстүрді заманауи басқару талаптарына бейімдейтін консультациялық әрі диалогтық алаң ретінде қалыптастырылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы бастаған реформалық […]
December 15, 2025

15 желтоқсан – желтоқсан дүниежүзі түркі тілдері күні: жад және жарқын болашақ

ЮНЕСКО-ның 2025 жыл 3 қарашадағы Самарқандта өткен Бас конференциясының 43-ші сессиясының шешімімен 15 желтоқсанның ресми түрде «Дүниежүзі Түркі тілдері күні» деп жариялануы түркі тілі мен түркі әлемі тұрғысынан тек символдық жетістік қана емес, тарихи, мәдени және дипломатиялық өлшемдері бар көпқабатты маңызды оқиға ретінде бағалануға тиіс (ЮНЕСКО, 2025). Бұл шешім, бір […]
October 10, 2025

Құбылмалы геосаясат және Түркі мемлекеттері ұйымы: Гәбәлә саммитінің стратегиясына сараптама

Түрік мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) мемлекет басшылары кеңесінің XII саммиті Жібек жолының көне орталықтарының бірі саналатын Әзербайжанның Гәбәлә қаласында «Өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздік» тақырыбымен өтті. Бұл саммит тек Түркі әлемі үшін ғана емес, сонымен бірге өзгеріп жатқан жаһандық геосаяси тепе-теңдік тұрғысынан да маңызды шешуші кезең болды. Соңғы бес жылдағы саммиттер Түркі […]
February 4, 2025

Қазақстандағы цифрлық қауіпсіздік және қауіп-қатерлер

Цифрлық алаяқтық ондаған жылдар бойы ең өзекті мәселе халіне жетті, шығу тегі 1970-жылдардың басында электрондық пошта шабуылдарының пайда болуына дейін барады. Ол кезде алаяқтық термині әлі пайда болмағанымен, бұл әдіс 1990-жылдардың ортасына дейін кеңінен таралмады. Сол уақыттан бері интернет әлемінде алаяқтар жалған электрондық пошта мекенжайларын қолданудан бастап, үлкен деректердің бұзылуынан […]
November 15, 2024

Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммиті: алдағы міндеттер мен болашақ мақсаттар

2024 жылы 6 қарашада Қырғызстан астанасы Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XI саммиті өтті. Төрағалық мерзімі Қазақстаннан Қырғызстанға өткен XI саммитті түркі әлемінің аймақтық және жаһандық тұрғыдан нығайып келе жатқан ұстанымын көрсету тұрғысынан маңызды бетбұрыс деп бағалауға болады. «Түркі әлемінің нығаюы: Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбы […]
November 7, 2024

ТМҰ мемлекеттерінде дезинформациямен күрес: Түркия президент әкімшілігі коммуникация басқармасының дезинформациямен күрес орталығының үлгісінде

Бүгінде «постшындық» (post-truth) деген атаумен әйгіленген за­мана шарттарында дезинформация мәселесі – шарпу шеңберіне ұлттық (national) кеңістіктерді де қоса қармаған жаһандық қауіпке айнылып отыр (ТР Коммуникация басқармасы, 2021). Коммуникация саласының қарқынды дамуы, коммуникациядағы алуандылықтың ар­туы, ақпараттың жылдам әрі бақылаусыз тарауы мен қадағалауға ырық бермеуі – үдерістегі қатерлі тенденцияларға негіз болуда. Тұлға […]
April 25, 2023

Германиядағы әсіре оңшылдықтың күшеюі

Германия заң үстемдігі мен толықтай демократиялы ел болумен қатар [WJP, 2022; EIU, 2023], Еуропадағы соңғы жылдары шектен шыға бастаған оңшыл және нәсілшіл қозғалыстар айтарлықтай кұшейген елдердің бірі болып отыр. Эберсвальдтан (1990 жылғы желтоқсан) Ханауға (2020 жылғы ақпан) дейін, түрлі шерулерден төңкеріс жоспарларына дейін (2022 жылғы желтоқсан) көптеген зорлық-зомбылық және лаңкестік […]
April 11, 2023

Ресей және санкциялар: Мәскеу балама жолдарды қалай іздейді

Ресей экономикасы Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Еуропалық Одақ (ЕО) және басқа елдер салған қатаң санкциялардың салдарынан айтарлықтай қысымға ұшырауда. Санкциялардың негізгі мақсаты – Ресейдің Украинаға қарсы соғысты жалғастыру мүмкіндігін шектеу. Санкциялар Ресейдің барлық негізгі өнеркәсібіне, соның ішінде минералды отынға да бағытталған. Халықаралық са­уда орталығының деректеріне негізделген есептеулер (2023) минералды отын […]