Е-бюллетень

October 30, 2022

Орталық Азиядағы жасыл партиялар және экологиялық бағытта саясатқа араласуы

1960 және 1970 жылдарда Еуропада аз таралған экологтардың шағын қозғалыстарынан Жасылдар бүгінде жақтастары молайып, ықпалды саяси партияларға айналды және қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдеріндегі саяси өмірдің маңызды бөлігі болып отыр. Бүгінгі таңда Еуропадағы және әлемнің басқа аймақтарындағы жасыл партиялар сайлауда басқа саяси партиялармен бәсекелесуге толық қабілетті болып, жергілікті және ұлттық […]
October 25, 2022

Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ынтымақ-тастығы: тәуекелдер мен перспективалар

Ресей – Қазақстанның сауда және инвестиция бойынша маңызды экономикалық серіктестерінің бірі. Екі ел бірлесіп көптеген маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Алайда, Украинаның оккупациялануы мен халықаралық санкциялар мен қысымдарға байланысты Ресеймен экономикалық ынтымақтастық Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдері үшін айтарлықтай шығынға ұшырау қаупін тудырады. Сондықтан бұл түсініктеме Ресейдің Қазақстан экономикасындағы […]
May 13, 2022

Қытайдағы шетелдік инвестициялар

Қытайдың экономикалық және саяси ықпалының артуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі шетелдік инвестицияны ынталандыратын экономикалық реформалар болды. Бұл инвестициялар Қытайға өзінің негізгі салаларын дамытуға, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және сауданың өсуіне мүмкіндік береді. Қытай экономикасының көтерілуі және айтарлықтай үнемдеу оны ең ірі әлемдік инвесторлардың біріне айналдырды. Сондықтан, бұл сараптамада Қытайдың шетелдік […]
May 7, 2022

Қазақстанда елді-мекендерді су басу қаупі: мәселенің себебі табиғи фактор ма, әлде антропогендік фактор ма?

Бүгінде өнеркәсіптік революция кезеңінен бастап әртүрлі зиянды газдардың атмосфераға мөлшерден көп тазартылмай шығуы салдарынан қарқынды күшейіп келе жатқан ауаның ластануы жағдайы жаһандық жылыну деңгейінің артуына үлкен себепкер болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректеріне сүйенсек, қазір әлемде индустрияландыру кезеңінен бері орташа жаһандық ауа температурасының 1,1°С-қа өскенін байқаймыз. Жаһандық жылыну ауаның орташа […]
May 3, 2022

Түркия мен Түркі республикалары арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл

1991 жылы Түркі республикаларымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, аталған елдерде елшілік ашқан алғашқы мемлекет – Түркия. Түркия мен Түркі республикалары арасындағы тарихтан жеткен мәдени, тілдік, діни және рухани жақындық пен байланыс аталған мемлекеттер арасында қарым-қатынастың қалыптасып, дамуында елеулі фактор болды. Тарихи кезеңдерге көз жіберсек, Түркия – 1991 жылы 9 қарашада Әзербайжанның […]
April 26, 2022

Жаңа цифрлық төңкеріс: метаверс негізіндегі ағымдағы өзгерістер

Соңғы жылдары, әсіресе, COVID-19-дан кейін міндетті болып кеткен интернетті пайдалану бос уақытымызды өткізетін және әртүрлі жұмыстарды орындайтын орта ғана емес, сонымен қатар күнделікті өміріміздің маңызды бөлігіне айналды. Бұл үдерісте біз метаверс сөзін жиі естиміз. Егер метаверс сөзін түсіндіретін болсақ, оны қарапайым тілмен үш өлшемді (3D) виртуалды әлем ретінде сипаттай аламыз. […]
April 22, 2022

Күнделікті өмірдегі мифология: Түркістан киелі жерлерін зерттеу тұрғысында

Түркістан тарихы мен мәдениетін зерттеу көптеген ғылыми бағыттардың ортақ сабақтастығын қажет етеді. Бұл негізінен археология, этнография, әлеуметтану және басқа да қоғамдық ғылымдарды қамтиды. Соның ішінде Түркістанның мәдени ерекшеліктерін, өңірдің киелі жерлерін, аңыздарын мифологиялық тұрғыдан талдау халықтың мифтік санасындағы өзгерістерін сипаттайды. Алғашқы кезеңде адамның өмір тіршілігіндегі мифологияның орны мен қызметі және […]
April 18, 2022

Санкциялардың Иран экономикасына әсері

2015 жылы Иран мен P5+1 елдері (БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі: Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция және Ресей) арасындағы халықаралық санкцияларды алып тастау шарты бойынша Теһранның ядролық қызметі қайтадан реттелетін Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспары (JCPOA) келісіміне қол қойылды. АҚШ президенті Дональд Трамп билікке келгеннен кейін Вашингтон 2018 жылы 8 […]
April 4, 2022

Интеллектуалды даму мен кедейліктің байланысы

Әлеуметтану мен өмір туралы бірқатар зерттеулер кедейшілікте өмір сүру түрмеге түсу, баспанасыз қалу, жалғыз басты ата- ана болу, орта мектепті тастап кету және тіпті жастай мерт болу ықтималдығын айтарлықтай арттыратынын көрсетеді. Сонымен қатар, кейбір зерттеулер кедейлік пен одан туындайтын күйзелістің мидың дамуына, атап айтқанда мәселелерге қалай талдау жасайтынымыз мен шешетінімізге, […]
March 31, 2022

Қытайдың шыңжаңдағы су құрылысы жобалары және ықтимал әсерлері

Соңғы 30 жылда экономикасы қарқынды дамыған Қытайдың энергетика мен табиғи байлықтарға деген сұранысы барған сайын артумен қатар, күн санап өскен тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселесімен бетпе-бет келуде. Сондықтан тіпті де өнімді әрі көп пайда әкелетін өнеркәсіптік өндіріске ден қойған Қытай көптеген алып инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін қоршаған ортаны өзгертуден ешқандай […]