Экономика

May 7, 2022

Қазақстанда елді-мекендерді су басу қаупі: мәселенің себебі табиғи фактор ма, әлде антропогендік фактор ма?

Бүгінде өнеркәсіптік революция кезеңінен бастап әртүрлі зиянды газдардың атмосфераға мөлшерден көп тазартылмай шығуы салдарынан қарқынды күшейіп келе жатқан ауаның ластануы жағдайы жаһандық жылыну деңгейінің артуына үлкен себепкер болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының деректеріне сүйенсек, қазір әлемде индустрияландыру кезеңінен бері орташа жаһандық ауа температурасының 1,1°С-қа өскенін байқаймыз. Жаһандық жылыну ауаның орташа […]
April 18, 2022

Санкциялардың Иран экономикасына әсері

2015 жылы Иран мен P5+1 елдері (БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі: Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция және Ресей) арасындағы халықаралық санкцияларды алып тастау шарты бойынша Теһранның ядролық қызметі қайтадан реттелетін Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспары (JCPOA) келісіміне қол қойылды. АҚШ президенті Дональд Трамп билікке келгеннен кейін Вашингтон 2018 жылы 8 […]
March 4, 2022

«Теңіз элементтері бар көл» мәртебесіне ие каспий теңізі: қай мемлекет үшін бұл тиімді?

Ауданы шамамен 398 мың км2 болатынКаспий теңізі әлемдегі ең ірі құрлықішілік су айдыны болып табылады. Каспийде көмірсутегі шикізатының үлкен қорларымен қатар, әлемдік бекіре тұқымдас балық қорының 90%-ы шоғырланған. Мұнда Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың 20-дан астам түрі мекендеп, өсімдіктердің 20-ға жуық түрі өседі. 1991 жылға дейін Каспий теңізіндегі халықаралық қатынастарды тек […]
October 26, 2021

Түркімен газын еуропа нарығына шығару: Транскаспий табиғи газ құбыры

British Petroleum (BP) мәліметтеріне сәйкес, Түркіменстан табиғи газдың дәлелденген қоры бойынша 19,5 триллион текше метрмен Ресейден (38 триллион текше метр), Ираннан (32 триллион текше метр) және Катардан (24,7 триллион текше метр) кейін төртінші орында. Осылайша, Түркіменстан әлемдегі дәлелденген табиғи газ қорының 9,8%-на ие. Географиялық орналасуына байланысты ол бай табиғи газ […]
October 4, 2021

Азық-түлік бағасының көтерілуінің себептері: Орталық Азиядан мысалдар

Азық-түлік бағасы – экономикалық және саяси тұрақтылықта маңызды рөл атқаратын көрсеткіштердің бірі. Азық-түлік бағасы сұраныстың артуына (негізінен Азия елдерінен), қаржы нарығының айналымына, экспорттық шектеулерге, нарықтағы жағдайлардың өзгеруіне, өндірістің баяулауына, валютаның құнсыздануына, мұнай бағасының өсуіне, биоотынға сұраныстың және қорлардың төмендеуіне қатысты әр түрлі факторларға байланысты болып келеді. Соңғы пандемия әлемдік азық- […]
September 28, 2021

Су ресустары: су мәселесі орталық азияда өңірлік ынтымақтастық факторына айналды

Орталық Азияның жақын болашақта дүп келетін күрделі мәселелердің бірі – су тапшылығы болары анық. Дүниежүзілік ресурстар институтының мәліметтері бойынша, Түрікменстан өте жоғары деңгейде су тапшылығына ұшыраған 17 елдің қатарына кіреді; Өзбекстан мен Қырғызстан аталмыш тізімде су тапшылығы жоғары 40 елдің қатарына кіреді, ал Қазақстан мен Тәжікстанға су тапшылығының қаупі төніп […]
July 28, 2021

Өзбекстанның сыртқы саудасы

Халықаралық сауда Өзбекстан үшін өте маңызды рөл атқарады. Ел мақта, жеміс-жидек пен көкөністерді қамтыған ауылшаруашылық өнімдерін жеткізушілердің бірі болуда. Тәуелсіздік алғаннан бері Өзбекстан біртіндеп реформалар жасай бастады. Ел экономикасының ерекшелігі, импортты алмастыру саясатын жүргізіп, ішкі нарықтың қатты қорғалғандығында болды. Сонымен қатар, Өзбекстан экспортты қарқынды түрде қолдады. Алайда қазіргі президент Шавкат […]
June 23, 2021

Қырғызстан туризмінің дамуы мен мүмкіндіктері

Қырғызстан өзінің табиғи сұлулығымен, тарихи және мәдени құндылықтарымен Орта Азия елдері арасында туристік әлеуметі мен мүмкіндігін жоғары мемлекеттердің бірі. Әсіресе, табиғат туризмінің орны ерекше. Террироиясының 65%-ын Тәңір таулары алып жатқандықтан туристер тарапынан Қырғызстан «Орталық Азияның Швейцариясы» деп те аталады. Жалпы Орталық Азия аймағы қайталанбас табиғи кереметтері мен тарихи орындарымен әлі […]
June 4, 2021

Жібек жолының жаңғыруы және Қазақстан үшін мүмкін болатын пайдасы

Заманымызды екі мың жылдан бұрынғы дәуірмен салыстырғанда, заманауи өркениет, технология және коммуникацияның артықшылығына алдану оңай болуы мүмкін. Қанша уақыт өткеніне қарамастан қиялымызға симайтын сол кезеңнің жетістіктерінің бірі – ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолы тек жарқын тарихи құбылыс қана емес, бүкіл жолындағы және айналасындағы халықтар үшін маңызды тәжіріибе.
May 11, 2021

Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестік туралы келісімге шолу

2020 жылы 15 қарашада Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығындағы (ASEAN) Бруней, Камбоджа, Индонезия, Лаос, Малайзия, Мьянма, Филиппин, Сингапур, Таиланд және Вьетнам, сондай-ақ, ASEANның серіктестері Австралия, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Жаңа Зеландия сынды елдер арасында өткен 4-ші кезекті Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестік (RCEP) саммитінде RCEP келісіміне қол қойылды. Шамамен 8 жыл […]