marat

January 29, 2019

Ұлытаудан табылған алтын жәдігерлерге түркиялық ғалымдар назар аударды

Ұлытау өңіріндегі ежелгі қорымнан табылған тостаған мен сырғаның сынамасын ғалымдар саф алтын деп бағалады. […]
January 31, 2019

Алтын ордадан жеткен алтын тостаған

Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» деп атап көрсетіп […]
January 9, 2020

2020 жылы 9 қаңтарда Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Женгизхан Жаналтай «Түркияның сыртқы саудасының динамикасы: Түркия-Әзербайжан қатынастары» тақырыбында семинар өткізді.

Женгизхан Жаналтай семинарында Түркия Республикасы 1991 жылы 30 тамызда Әзербайжан Республикасының тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет екенін атап өтіп, Түркия мен Әзербайжан арасындағы бауырластық қатынастар стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткенін айтты. Екі елдің бір-бірімен көрші болуы, мәдени ұқсастықтары және бірқатар сыртқы саяси көзқарастарының ұштасып жатуы екіжақты қатынастардың оң бағытта дамуын қамтамасыз етеді. […]
January 15, 2020

2020 жылдың 15 қаңтарында Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыздың қатысуымен арнайы шақырылған баяндамашы Түркияның жинақ депозиттерін сақтандыру қорының (TMSF) аудиторы доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнештің «Түркияның банк секторы» атты семинары өтті.

Доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнеш семинарды өзін таныстырудан бастады. Банк саласында 23 жыл қызмет еткенін атап өтіп, атажұрты Қазақстанға келгеніне қуанышты екенін білдірді. Доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнеш Түркияның банк секторына жалпы шолу жасап, Түркияда қаржы институттарының активтері шамамен 4,6 млрд. лираны құрайтындығын айтты. Семинар жалғасында доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнеш Түркияда жалпы […]
January 23, 2020

2020 жылы 23 қаңтарда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері PhD докторы Альбина Мұратбекова «Үндістан мен Қытай арасындағы маңызды мәселелер және «Чиндия» неліктен мүмкін емес?» атты семинар өткізді.

PhD докторы Альбина Мұратбекова семинарында Үндістан мен Қытай арасындағы қатынастардың тарихы мен екі ел арасындағы маңызды мәселелерге, әсіресе шекара даулары мен Тибет мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ, PhD докторы Альбина Мұратбекова Үндістан-Қытай қатынастарының дамуында Пәкістанның рөлін түсіндірді. Семинар жалғасында PhD докторы Альбина Мұратбекова Қытай мен Үндістан арасындағы қатынастардың экономикалық, мәдени, саяси және […]
January 30, 2020

2020 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық машина жасау және көлік академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Жиенқұлов Серғазы Ахметұлы «Ұлы түркілер және ұлы дала» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда кіріспе сөз сөйлеп, модератор болған Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер түркі тарихы тереңге жайылғанын атап өтіп, т.ғ.д., профессор Серғазы Ахметұлы сияқты осы салаға үлес қосқан ғалымдарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, Вакур Сүмер барлық силы қонақтарға семинарға қатысқандары үшін алғыс айтты. Т.ғ.д., профессор Серғазы Ахметұлы семинарында түркі халықтары […]
February 18, 2020

2020 жылы 18 ақпанда Қажы Байрам Вели университеті Байланыс факультетінің деканы, профессор, доктор Закир Авшар «Тиімді байланыс» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен басталды. Доцент, доктор Вакур Сүмер өз сөзінде профессор, доктор Закир Авшарға семинар жасауға келгені үшін алғысын білдіріп, оның атқаратын қызметі туралы қысқаша мәлімет берді. Профессор, доктор Закир Авшар семинарды өзін таныстырудан бастап, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен танысып, Қазақстанға келгендегі […]
February 20, 2020

2020 жылы 20 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Досбол Байғұнақов «Ежелгі дәуір мен орта ғасыр: ортақ мұра және тарихи-мәдени сабақтастық» тақырыбында семинар өткізді.

Т.ғ.д., профессор Досбол Байғұнақов семинарды өзін таныстырудан бастады. Бұдан бұрын Еуразия ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істегенін айта отырып, институттың барлық қызметі мен жарияланымдарын мұқият қадағалап отыратынын мәлімдеді. Көптеген жылдар бойы ежелгі дәуір мен орта ғасыр бойынша ғылыми зерттеулермен айналысқан т.ғ.д., профессор Досбол Байғұнақов жақын арада осы зерттеулердің нәтижесінде пайда болған еңбегі […]
February 27, 2020

2020 жылдың 27 ақпанында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері PhD докторы Насиба Джунаева «Қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесі» тақырыбында семинар өткізді.

PhD докторы Насиба Джунаева семинарында қазіргі таңда әйел мәселесі туралы ғылыми зерттеулер күн тәртібінде тұрғандығына назар аудара отырып, XIX ғасырдың басындағы әйел тақырыбындағы әдеби шығармалар туралы баяндады. Ол қазақ әйелдерінің өмірде кездескен мәселелерінің себептерін түсіндіріп, қазақ зиялыларының пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, аталған мәселелерді жою бойынша Қазақстанда атқарылып жатқан шаралар туралы айтты. […]
February 28, 2020

2020 жылдың 28 ақпанында Қожа Ахмет Ясауи университетіне қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институтында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абайтану: отандық және шетелдік зерттеулер» атты ғылыми талқы өтті.

«Абайтану: отандық және шетелдік зерттеулер» тақырыбындағы ғылыми талқыға абайтанушы ғалымдар мен Еуразия ғылыми-зерттеу институтының барлық зерттеушілері қатысты. Ғылыми талқыда кіріспе сөз сөйлеп, сонымен бірге модератор болған Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер Абай Құнанбайұлының Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және ұлы тұлғалардың бірі екенін айтты. Қожа Ахмет Ясауи […]