marat

January 23, 2020

2020 жылы 23 қаңтарда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері PhD докторы Альбина Мұратбекова «Үндістан мен Қытай арасындағы маңызды мәселелер және «Чиндия» неліктен мүмкін емес?» атты семинар өткізді.

PhD докторы Альбина Мұратбекова семинарында Үндістан мен Қытай арасындағы қатынастардың тарихы мен екі ел арасындағы маңызды мәселелерге, әсіресе шекара даулары мен Тибет мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ, PhD докторы Альбина Мұратбекова Үндістан-Қытай қатынастарының дамуында Пәкістанның рөлін түсіндірді. Семинар жалғасында PhD докторы Альбина Мұратбекова Қытай мен Үндістан арасындағы қатынастардың экономикалық, мәдени, саяси және […]
January 15, 2020

2020 жылдың 15 қаңтарында Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыздың қатысуымен арнайы шақырылған баяндамашы Түркияның жинақ депозиттерін сақтандыру қорының (TMSF) аудиторы доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнештің «Түркияның банк секторы» атты семинары өтті.

Доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнеш семинарды өзін таныстырудан бастады. Банк саласында 23 жыл қызмет еткенін атап өтіп, атажұрты Қазақстанға келгеніне қуанышты екенін білдірді. Доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнеш Түркияның банк секторына жалпы шолу жасап, Түркияда қаржы институттарының активтері шамамен 4,6 млрд. лираны құрайтындығын айтты. Семинар жалғасында доцент, доктор Низамүлмүлк Гүнеш Түркияда жалпы […]
January 9, 2020

2020 жылы 9 қаңтарда Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Женгизхан Жаналтай «Түркияның сыртқы саудасының динамикасы: Түркия-Әзербайжан қатынастары» тақырыбында семинар өткізді.

Женгизхан Жаналтай семинарында Түркия Республикасы 1991 жылы 30 тамызда Әзербайжан Республикасының тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет екенін атап өтіп, Түркия мен Әзербайжан арасындағы бауырластық қатынастар стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткенін айтты. Екі елдің бір-бірімен көрші болуы, мәдени ұқсастықтары және бірқатар сыртқы саяси көзқарастарының ұштасып жатуы екіжақты қатынастардың оң бағытта дамуын қамтамасыз етеді. […]
January 31, 2019

Алтын ордадан жеткен алтын тостаған

Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» деп атап көрсетіп […]
January 29, 2019

Ұлытаудан табылған алтын жәдігерлерге түркиялық ғалымдар назар аударды

Ұлытау өңіріндегі ежелгі қорымнан табылған тостаған мен сырғаның сынамасын ғалымдар саф алтын деп бағалады. […]