marat

December 9, 2021

2021 жылы 9 желтоқсанда Қырғыз-Түрік Манас университеті Тарих факультетінің доценті, доктор Женгиз Буяр «Осман империясы мен Түркістан қарым-қатынасындағы қажылықтың рөлі» атты семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін Қырғыз-Түрік Манас университеті Тарих факультетінің оқытушысы доцент, доктор Женгиз Буяр Түркістаннан Османлы жері арқылы жасалған қажылық сапарларына қатысты тарихи дереккөздерін таныстырумен қатар, қажылық жол бағыттары, қоналқы жерлер, кездескен мәселелер және Ресейдің қажылық саясаты туралы жан-жақты мағлұмат берді. Доцент, доктор […]
December 13, 2021

Бинали Йылдырым мемлекет басшысына Ердоғанның сәлемін жеткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырымды қабылдады […]
December 13, 2021

Омикрон штамы парсы шығанағына жетті

Сколково ғылым және технологиялар институтының ғалымдары Африка елдерімен әуе шекарасын жабу коронавирустың жаңа омикрон штаммының таралуына жол бермеуге ықпал жасайды […]
December 15, 2021

2021 жылы 15 желтоқсанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми зерттеу институты мен Халықаралық түріктану орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ортақ тарих – ортақ мүдде – ортақ жазу» атты халықаралық симпозиум өтті.

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми зерттеу институты мен Халықаралық түріктану орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Ортақ тарих – ортақ мүдде – ортақ жазу» атты халықаралық симпозиум өтті. Халықаралық симпозиумын жүргізген ҚР ҰҒА Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы, Халықаралық түркология орталығының төрағасы, ҚР […]
December 23, 2021

2021 жылы 23 желтоқсанда Нигде Өмер Халисдемир университеті Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, доктор Чигдем Шахин «Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты энергетикалық саясаты» тақырыбында семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін сөз алған Нигде Өмер Халисдемир университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультеті Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы, доктор Чигдем Шахин Еуропалық Одақтың (ЕО) Орталық Азияға қатысты энергетикалық саясаты туралы баяндамасында ең алдымен ЕО-ның энергетика саласындағы ең маңызды мәселелерін шетелге […]
December 30, 2021

2021 жылы 30 желтоқсан күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, профессор, доктор Гүлнәр Надирова «Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі этникалық қазақ студенттер (Қандастар)» тақырыбында семинар өткізді.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, профессор, доктор Гүлнәр Надирова өз семинарында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері Дәулет Жайлыбаев, Динара Талдыбаева және Ажар Серікқалиеваның ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылы 12 айлық жобасын топ болып ұтып алғанын түсіндіре келе, «Этникалық қазақ студенттердің […]
January 4, 2022

Францияда коронавирустың жаңа түрі табылды

Омикрон штамын жұқтырғандардардың қатары күрт өсуіне байланысты Еуропа елдерінің көпшілігі қазіргі антиковид шектеуін күшейтеді немесе бұрынғы талаптарды қайтарады […]
January 27, 2022

2022 жылы 27 қаңтарда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Жандос Құдайбергенов «Арал теңізі экологиясының Арал өңіріне әсері және мәселелерін шешу жолдары» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Женгизхан Жаналтайдың кіріспе сөзінен кейін баяндамасын бастаған Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Жандос Құдайбергенов алдымен Арал теңізінің құрғау алдындағы жай-күйіне тоқталып, Арал теңізінің экологиялық мәселесін басндады. Жандос Құдайбергенов Кіші Арал мен Үлкен Аралдың ара-жігін ажыратып, Үлкен Арал  қараусыз қалғандықтан бірте-бірте тартылып бара жатқанын атап өтті. […]