marat

January 21, 2021

2021 жылы 21 қаңтарда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Дәулет Жайлыбаев «Қазақстандағы түркі халықтарының этно-мәдени үндестігі» атты онлайн-семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доктор Вакур Сүмердің кіріспе және таныстыру сөздерінен соң баяндама жасауға кіріскен Дәулет Жайлыбаев қазіргі таңда Қазақстанда өмір сүріп жатқан ең көпсанды түркі халықтарының демографиялық жағдайы туралы статистикалық мәлімет бере отырып, бұл көрсеткіштердің түрлі этностық топтардың этномәдениетімен тығыз байланысты екендігіне назар аударды. Оның пікірінше, Қазақстанда өмір сүріп, […]
January 22, 2021

Вирусқа қарсы стратегия жаңартылды

Еуропалық одақ әр мүше-мем­лекетте 80 жастан асқан адам­дар мен қарттар үйінің қызметкерлерінің кем дегенде 80 пайызын, ал жазға қарай ересек тұрғындардың кем дегенде 70 пайызын коронавирусқа қарсы вакциналауды жоспарлап отыр. https://egemen.kz/article/262198-virusqa-qarsy-strategiya-dganhartyldy[…]
January 26, 2021

Президент Үкіметке «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, – деп хабарлайды Egemen.kz […]
January 26, 2021

Қазақстандық вакцинаны салдырамын – Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. […]
January 28, 2021

28 қаңтар 2021 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Женгізхан Жаналтай «Түркияның 2020 жылғы сауда өнімділігін бағалау» атты онлайн-семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін Женгізхан Жаналтай Түркияның 2020 жылғы сауда өнімділігін бағалау туралы ақпарат ұсынды. Осы тұрғыда Жаналтай Түркияның соңғы 20 жылдағы сауда көрсеткіштерін көз жүгірткенде экспортта, әсіресе, соңғы 10 жылда жедел үдеу алғанын айта келе, 2015 жылдан кейінгі сауда тапшылығын төмендету жетістіктерінің […]
January 29, 2021

Global Think Tank Index рейтингісі бойынша Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты 2020 жылғы үздіктердің қатарында.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрамындағы «Еуразия» ғылыми-зерттеу институты құрылған күннен бастап, негізінен Орталық Азия аймағында Еуразиялық кеңістікті қамтитын түрлі тақырыптарда академиялық зерттеулер жүргізіп, іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Білімді стратегияға айналдыру мақсатында біздің институт түрік, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде басылымдарды жарыққа шығару арқылы аймақтық зерттеулер бойынша әдебиет пен […]
February 1, 2021

ДДҰ вирус ошағын зерттемек

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары коронавирустың ошағына айналған Қытайдың Ухан қаласына барып, індеттің қалай тарағанын зерттейді. […]