marat

June 18, 2020

2020 жылы 18 маусымда Анкара Хажы Байрам Вели университетінің профессоры, доктор Гүлжанат Құрманғалиева Эржиласун «Ауызша тарих деректері бойынша Қырғызстан тарихындағы XX ғасыр: маңызды өтпелі кезеңдер» атты семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің алғысөзімен басталған семинарда профессор, доктор Гүлжанат Құрманғалиева Эржиласун Қырғызстанда ХХ ғасырда қандай маңызды өзгерістер болғанын ауызша тарих деректері мен мысалдар келтіре отырып түсіндірді. Құрманғалиева Эржиласун Қырғызстанның бүгінгі жағдайын түсіну үшін ХХ ғасырды түсіну өте маңызды екенін айтты. Профессор, доктор Гүлжанат Құрманғалиева Эржиласун […]
June 18, 2020

2020 жылы 18 маусымда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері доктор Азимжан Хитахунов «Әлемдік және еуразиялық ауыл шаруашылығының болашақ перспективалары» атты тақырыпта семинар өткізді.

Доктор Азимжан Хитахунов семинарында ауыл шаруашылығының жаһандық үрдістеріне назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы әлемдік өндіріс пен саудаға тоқталды. Баяндамашы әлемдік құндылықтар тізбегінің осы саладағы маңыздылығын түсіндіре отырып, дамушы елдердің ауылшаруашылық өндірісінде де, әлемдік саудада да рөлі артқанын мәлімдеді. Бұл әсіресе Қытай мен Үндістанға қатысты, дегенмен, дамыған елдердің әлемдік агробизнестегі […]
June 4, 2020

2020 жылы 4 маусымда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Илана Даутова «Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері арасындағы қазіргі экономикалық байланыстар» тақырыбында семинар өткізді.

Илана Даутова семинарында Орталық Азияның Оңтүстік Корея үшін экономикалық тұрғыдан тартымды аймақ екенін түсіндіре келе, аймақ елдерінің жер асты қазба байлықтары тұрғысынан бай ресурстарға ие екендігін атап өтті. Баяндамашы 1992 жылдан 2010 жылға дейін Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері арасындағы жалпы сауда көлемі 180 есеге артқанын атап өтіп, Оңтүстік […]
June 4, 2020

2020 жылдың 4 маусымында Еуразия ғылыми-зерттеу институты «COVID-19 індеті кезіндегі жаңа жаһандық эко-саяси күн тәртібі» тақырыбында ғылыми талқы ұйымдастырды.

Кырыккале университетінің Экономика және мемлекеттік басқару факультетінің профессоры, доктор Харун Өзтүріклер «COVID-19 дағдарысынан кейінгі ұзақ және қысқа жаһандану», Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер «Пандемиядан кейінгі кезеңде жаңа ғаламдық күш тепе-теңдіктері туралы», Түркия палаталар және биржалар одағы Экономика және технология университеті Халықаралық кәсіпкерлік кафедрасының оқытушысы, доктор Али Дириөз […]
June 4, 2020

2020 жылдың 4 маусымында Анкара университетінің профессоры, доктор Али Мертхан Дүндар Еуразия ғылыми-зерттеу институтының іс-шаралары аясында «Қиыр Шығыс және Орталық Азия байланыстары» атты тақырыпта семинар өткізді.

Профессор, доктор Али Мертхан Дүндар семинарында коронавирус (ғылыми атауы «COVID-19») індетінің Қытайда пайда болғанын еске салып, оның бүкіл әлемдегі тепе-теңдікті өзгерткенін атап өтті. Бұл індеттің халық тығыз орналасқан аймақтарда пайда болу ықтималдығы жоғары екендігін баса айтқан профессор, доктор Али Мертхан Дүндар бұл індет Қытайға саяси және экономикалық тұрғыдан айтарлықтай зиян […]
May 28, 2020

2020 жылдың 28 мамырында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Еркінбек Тұрғынов «Қазақстан астанасын көшіру себептері» атты тақырыпта семинар өткізді.

Еркінбек Тұрғынов семинарында 1917 жылы Алаш зиялылары таңдаған Семей қаласынан бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 32 өлшем бойынша таңдаған Нұр-Сұлтан қаласына дейін астана болған қалалардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтті. Тұрғынов сонымен бірге астананы өзгерту немесе көшіруге қатысты әлемдік тәжірибе мен мұндай шешім нәтижесінде туындаған кейбір қиындықтар […]
May 28, 2020

2020 жылы 28 мамырда Еуразия ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған семинарда Сельчук университеті экономика бөлімінің профессоры, доктор Фатих Мангыр «Covid-19 індеті кезіндегі Еуразия экономикалары» атты баяндама жасады.

Профессор, доктор Фатих Мангыр семинарында коронавирус (ғылыми атауы «COVID-19») індеті әлемдік экономикаға бұрын-соңды болмаған деңгейде әсер еткенін мәлімдеді. Денсаулық пен экономика арасындағы байланыстың маңыздылығын атап өткен баяндамашы әлемдегі COVID-19 індеті туралы статистикалық ақпаратқа назар аударды. Түркияда COVID-19 індеті басталған күндері өлім-жітім деңгейі 10% шамасында болғанын, ал қазіргі уақытта 1%-ға дейін […]
May 21, 2020

2020 жылы 21 мамырда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері доктор Дәурен Әбен «Қазақстанның әскери қоймаларындағы жарылыстар: алынбаған сабақтар» тақырыбында семинар өткізді.

Дәурен Әбен семинарында 2019 жылдың шілде айында Қазақстанның Түркістан облысының Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімше аумағындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстар болғанын және оның нәтижесінде үш адам қаза болып, көптеген адам жарақат алғанын тілге тиек етті. Дәурен Әбен жарылыс салдарынан 44 мың адам эвакуацияланғанын және бұл оқиға үлкен әлеуметтік мәселелер туғызғанын айтты. […]
May 14, 2020

2020 жылы 14 мамырда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері доктор Жандос Ранов «COVID-19 індетінің Таяу Шығыс пен Орталық Азияға әсері» тақырыбында семинар өткізді.

Доктор Жандос Ранов семинарында коронавирус (ғылыми атауы «COVID-19») індетінің әлемге таралуына байланысты 2020 жылы Таяу Шығыс пен Орталық Азия аймағындағы экономикалық өсу 2,8%-ға дейін төмендейтінін тілге тиек етті. Бұл – 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі өсу қарқынынан және 2015 жылғы мұнай бағасының құлдырауынан әлдеқайда төмен көрсеткіш. «COVID-19» індеті басталғаннан […]
May 10, 2020

10 Mayıs 2020 Tarihinde Tobb Etü Uluslararası Girişimcilik Bölümü Öğretim Üyesi Dr. Ali Oğuz Diriöz, “COVID-19 Ve Ötesi: Dünya Siyaset Ve Ekonomisinde Beklentiler” Başlıklı Seminer Verdi.

Dr. Ali Oğuz Diriözseminerinde, “COVID-19”mücadelesinde dünyanın bir çok yerinde, ulus devletin küreselleşme karşısındaki önemini anlattı. Devletlerin ulusal sağlık sistemleri ne kadar güçlü ise, “COVID-19”salgınına karşı o kadar daha iyi mücadele verebildiklerini ifade etti. Türkiye’nin genel olarak sağlık sistemine değinen Dr. Ali Oğuz Diriöz, bu süreçte sağlık çalışanların ortaya koyduğu çalışma […]