marat

September 10, 2020

2020 жылы 10 қыркүйекте Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Балжан Ешметова «Түркі жазба ескерткіштеріндегі әскери терминдер» тақырыбында семинар өткізді.

Балжан Ешметова семинарында көне Түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін әскери шендер мен атаулардың шығу тарихы мен бүгінгі күнгі қолданысы туралы баяндады. Баяндамашы Орхон-Енисей жазбаларынан мысалдар келтіре отырып, әскери терминдердің қалыптасуында белгілі жүйе бар екендігін және Түркі тілдерінде бұл сөздер кейбір фонетикалық өзгерістерге ұшыраса да әлі қолданыста екендігін айтты. Сонымен қатар, «Мәңгілік […]
September 18, 2020

2020 жылдың 18 қыркүйегінде король Хуан Карлос университетінің заң профессоры және Панеуропаның бас хатшысы Карлос Уриарте Санчес «Орталық Азиядағы саяси процестерге еуропалық көзқарас» тақырыбында семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған семинарда профессор Карлос Уриарте Санчес Еуропа одағының (ЕО) Орталық Азиямен қарым-қатынастарының негізгі бағыттарына тоқталып өтіп, осы салада маңызды оқиғалар болып жатқанын мәлімдеді. Ол соңғы бірнеше жылда Орталық Азия аймағының Еуропа үшін маңызы едәуір артқанын тілге тиек етті. Еуропа кеңесі […]
September 21, 2020

2020 жылдың 21 қыркүйегінде Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Уфук Экиджи Алматыға жұмыс сапары аясында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Уфук Экиджи Алматыға жұмыс сапары аясында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Али Рыза Акынджы және консулдық қызметкерлерімен бірге Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды. Кездесу барысында институт директоры доцент, доктор Вакур Сүмер институттың Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мақсаты мен міндетіне […]
September 24, 2020

2020 жылдың 24 қыркүйегінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Насиба Джунаева «Түркі қоғамындағы әйелдердің рөлі және Шефика Гаспыралы» тақырыбында семинар өткізді.

Насиба Джунаева семинарында жалпы түркі қоғамындағы әйелдердің әлеуметтік және білім беру саласындағы рөліне қатысты өзгерістер түркі әлеміндегі реформалармен тұспа-тұс келгенін айта отырып, түркі қоғамындағы зиялы әйелдердің ең жарқын мысалдарының бірі Шефика Гаспыралының өмірі туралы ақпарат берді. Насиба Джунаева түркі әлеміндегі әйелдер мәселесін қарастырғанда бірінші кезекте ХХ ғасырдың басында Ресейдегі түркі […]
October 1, 2020

2020 жылдың 1 қазанында Назарбаев университетінің оқытушысы, профессор, доктор Юлай Шамильоглу «Ресей Федерациясындағы түркі халықтарының этникалық, мәдени және саяси болашағы» тақырыбында семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған семинарда профессор, доктор Шамильоглу жалпы алғанда Ресей империясында өмір сүрген түркі халықтарының тарихта бастан өткерген оқиғалары туралы зерттеу жүргізу қажеттілігі туралы сөз қозғады. Семинардың жалғасында профессор, доктор Юлай Шамильоглу 1552 жылы Қазан хандығы басып алынғаннан кейін Ресейде тұрған түркі […]
October 8, 2020

2020 жылдың 8 қазанында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Еркінбек Тұрғынов «Қазақ даласындағы алғашқы оқулықтар және Бейімбет Майлиннің орны» тақырыбында семинар өткізді.

Еркінбек Тұрғынов семинарында XX ғасырдың басындағы қазақ тілінде кітап шығару ісінің тарихына тоқталып өтіп, сол кезеңдегі қазақ зиялылары мен ағартушыларының, сондай-ақ Уфа, Қазан және Орынбор медреселерінде оқыған қазақ жастарының қазақ тілінде оқулық шығару ісіне қатысуы туралы мағлұмат берді. Еркінбек Тұрғынов қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтардың жарық көруі ұлттың білім беру саласында […]
October 15, 2020

2020 жылы 14-15 қазан аралағында «Энергетикалық революцияның саяси экономикасы» тақырыбында IV Халықаралық экономика, қаржы және энергия конгресі (EFE 2020) өткізілді.

2020 жылы 14-15 қазан аралағында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Нийде Өмер Халисдемир университеті және Докуз Эйлюль университетімен бірлесіп «Энергетикалық революцияның саяси экономикасы» тақырыбында IV Халықаралық экономика, қаржы және энергетика конгресін (EFE2020) өткізді. Ғалымдар мен сарапшылардың әлемдік энергетикалық революцияға қатысты өз тәжірибелері мен білімдерін бөлісулеріне арнайы алаң […]
October 21, 2020

Мәсли­хат­тар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойын­ша өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуінде алдағы мәсли­хат­тар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойын­ша өтетінін айтты […]
October 22, 2020

2020 жылдың 21 қазанында Мичиган мемлекеттік университеті Тарих және тіл бөлімінің профессоры, доктор Тимур Кожаоглу «Түркістандағы Жәдид дәуірі әдебиеті: Мағжан Жұмабаев пен Абдулхамид Сүләймани Чулпан» тақырыбында семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған семинарда доктор, профессор Тимур Кожаоглу, Түркі халықтарына уақыт пен география тұрғысынан шолу жасай отырып, Түркі халықтарының рухани және мәдени тарихындағы қайшылықтар мен қақтығыстарға толы күрделі кезеңі болып табылатын XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Жәдид дәуіріндегі әдебиет және […]
October 22, 2020

Алдағы сайлау демократияны нығайтуға жаңа серпін береді

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырыстың күн тәртібін қарауға кіріспес бұрын  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғанын атап өтті […]