2022 жылдың 6 ақпанында 10 аймақты қамтыған «ғасыр апаты» яғни Каһраманмараштағы 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі халқымызды айтып жеткізгісіз ауыртпалыққа душар етті. Бүгінге дейін 40 мыңнан астам адам қаза тауып, 100 мыңнан астам адам жарақат алғаны және 118 мыңнан астам ғимараттың қирауы немесе қатты зақымдалуы (TRT Haber, 2023) аталмыш ауыр апаттың салдарының қаншалықты үлкен екенін көрсетіп отыр. Қирандыларды тазартып, іздестіру-құтқару жұмыстарын аяқтаған кезде бұл көрсеткіш айтарлықтар арта түсуі де мүмкін. Мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтар жанқиярлық күш-жігерімен үйінді астындағы адамдардың өмірін сақтап қалуға тырысып жатқанда, тұтас ел болып жұмылып, апат аймағына елдің түкпір-түкпірінен көмектер жөнелтіліп, зардап шеккен отандастардың аз да болса жарасын емдеуге құлшыныс жасалды.
PDF