Новости

28 декабря, 2018

2018 жылы 27 желтоқсанда Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистранты Марат Мұсабеков «Қазақстанның киберқалқаны» атты семинар өткізді.

Марат Мұсабеков семинарында «киберқауіпсіздік» ұғымы туралы мағлұмат беріп, Қазақстанның киберқауіпсіздік жүйесіндегі соңғы өзгерістерге тоқталып өтті. Мұсабеков Қазақстанда бұл мәселе бойынша жұмыстар 2006 жылы басталып, «киберқауіпсіздік» термині халықаралық деңгейде заңды түрде қабылданбаған термин екенін тілге тиек етті.
10 января, 2019

2019 жылдың 10 қаңтарында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ажар Серікқалиева «Адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығы: Қытайдың сыртқы саясатындағы жаңа үрдістер» атты тақырыпта семинар өткізді.

Ажар Серікқалиева семинарында 2017 жылы 14-15 мамырда Пекинде өткен «Бір белдеу, бір жол» форумында Қытай тарапынан ұсынылған «Адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығы» тұжырымдамасы туралы ақпарат берді. Серікқалиева бұл тұжырымдаманың енгізілуімен «өз мүмкіндіктерін жасыру және ыңғай сәтті күту» стратегиясын ұстанған Дэн Сяопин дәуірінің аяқталғанын айтты.
17 января, 2019

2019 жылы 17 қаңтарда Париж университеті (Сен-Дени) Француз геосаяси ғылымдар институтының магистранты Клотильда Тривин «Белдеу және жол» бастамасы және қазақ халқының ұлттық болмысы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Клотильда Тривин өткізген семинарында қазақ халқының ұлттық болмысының қалыптасуы және қазіргі халықаралық қатынастарда Қытай үкіметі бастамашы болған «Белдеу және жол» ұғымы туралы мағлұмат беріп, бұл жобаның Қазақстан үшін пайдасы мен қауіптері туралы сөз қозғады. «Белдеу және жол» жобасы аясында қазақ халқының ұлттық болмысын зерттеу барысында Тривин «қазақ» және «қазақстандық» деген ұғымдарға кеңірек тоқталып, елде белең алып жатқан интеграциялық үдерістерге көңіл бөлді.
18 января, 2019

17.01.2019 ЕҒЗИ-ында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның оқытушысы доктор Ерғали Есбосынов «Түркия-Ресей қарым-қатынастары мен Лозанна бейбітшілік келісімінің Кеңес дәуіріндегі саясаттану әдебиеттерінде қарастырылуы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Семинарда доктор Ерғали Есбосынов Ресей дереккөздеріндегі Лозанна бейбітшілік келісіміне қатысты ғылыми зерттеулер туралы толық мағлұмат беріп, бұл тарихи оқиғаны не себепті зерттейтіні туралы баяндап берді. Есбосынов Қазақстанның бұрын Кеңес Одағының мүшесі болғанын, сондықтан да Кеңес Одағы қазақтар атынан шешім қабылдап, маңызды құжаттарға қол қойғанын атап өтті. Лозанна бейбітшілік келісімі туралы ғылыми зерттеулер кеңестік кезеңнің шарттарына сәйкес жүргізілгенін мәлімдеді. Есбосынов зерттеу барысында тап болған қызықты дереккөздер туралы әртүрлі ақпаратпен бөлісті.
24 января, 2019

2019 жылдың 24 қаңтарында «Қазақ газеттері» ЖШС Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

2019 жылдың 24 қаңтарында «Қазақ газеттері» ЖШС өкілдері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.
25 января, 2019

2019 жылдың 24 қаңтарында Еуразия ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Тұрғынов Еркінбек «Латын әліпбиі: Ортақ түркі әліпбиінің артықшылығы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Тұрғынов Еркінбек баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қарастырып, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндірді. Осыған байланысты түркі халықтарының ортақ әліпбиді қолдану маңыздылығы мен өзектілігі туралы дәлелдер келтіріп, әртүрлі ұсыныстар жасады.
29 января, 2019

29.01.2019ж. Қ.А Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты және ҚР Ұлттық музейі ынтымақтаса отырып «Ұлы дала қазынасы: Қазақстанның жаңа археологиялық ашылымдары» атты тақырыпта ғылыми талқы ұйымдастырды.

Ғылыми талқыда кіріспе сөз сөйлеген Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңес төрағасы профессор, доктор Мұса Йылдыз бүкіл түркі халықтарының түп отаны саналатын Қазақстан даласында түркі халықтарына тиесілі көптеген мәдени мұралардың болуы түркі әлемі үшін өте маңызды екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, оларды зерттеп, бүкіл әлемге таныту бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі екенін баса айтты.
27 февраля, 2019

2019 жылы 27 ақпанда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Сәкен Мұқан «Өндіруші саланың ашықтық бастамасы: дерекқоры мен мәселелері» атты семинар өткізді.

Сәкен Мұқанұлы семинарында «Өндіруші Саланың Ашықтық Бастамасының» тарихына тоқталып, Бастама туралы кеңінен мағлұмат берді. Қазақстанның Бастама жүйесіндегі соңғы өзгерістеріне және стандарттарды толық орындауға қандай қиыншылықтармен кездесетіндігіне тоқталып өтті. Мұқанұлы Қазақстанда бұл мәселе бойынша жұмыстар 2005 жылы басталып, яғни Бастамаға мүше болу меморандумына қол қойылғаннан кейін халықаралық деңгейде 2007 жылы Бастамаға толыққанды мүше болып қабылданғаны туралы тілге тиек етті.
28 февраля, 2019

ІХ Құрышжанов оқулары: Ұлы Дала құндылықтары – Түркі әлемі жастарын біріктіруші фактор

2019 жылдың 28 ақпанында Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ынтымақтастығымен танымал түркітанушы ғалым профессор, доктор Әбжан Құрысжановты еске алу құрметіне «ІХ Құрышжанов оқулары: Ұлы Дала құндылықтары – Түркі әлемі жастарын біріктіруші фактор» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
12 марта, 2019

2019 жылы 12 наурызда Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Түркияның ұлттық әнұранының қабылдануы мен Мехмет Акиф Эрсойды еске алу апталығы және 18 наурыз Чанаккале теңіз жеңісі мен шейіттерді еске алу шарасы ұйымдастырылды.

Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы және Түрік әуе жолдарының қолдауымен Түркияның ұлттық әнұранының қабылдануы мен Мехмет Акиф Эрсойды еске алу апталығы және 18 наурыз Чанаккале теңіз жеңісі мен шейіттерді еске алу шарасы ұйымдастырылды.