Новости

14 марта, 2019

2019 жылы 14 наурызда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Динара Талдыбаева «Ресей мен Қытайдың көлік дәліздері жобаларында Иран мен Пәкістанның орны» атты тақырыпта семинар өткізді.

Динара Талдыбаева семинарында Еуразия аймағындағы халықаралық саяси үдерістерде халықаралық көлік дәліздерінің алатын орны мен маңызы туралы баяндады. Әлемде ынтымақтастық жасау жолы ретінде «жаһандану» үдерісі жалғасуда. Сол сияқты, елдер арасындағы өзара ынтымақтастық пен бір-біріне деген экономикалық тәуелділікті арттыратын «аймақтандыру» үдерісі де жүріп жатыр. Талдыбаева осы екі үдерісті жан-жақты қарастырды.
18 марта, 2019

Ислам өркениетіндегі ғылым және технология

2019 жылдың 18 наурызында Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті бірлесе отырып профессор, доктор Фуат Сезгин жылына орай «» атты конференция ұйымдастырды.
18 марта, 2019

2019 жылдың 18-наурызында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Хаджеттепе университетінің профессоры, доктор Али Экбер Шахиннің «Ұлттық және халықаралық индексті ғылыми журнал стандарттары» атты тақырыпта семинары өтті.

Доктор, профессор Али Экбер Шахин, семинарын өзін қысқаша таныстырумен бастады. Жоғары білімін Хаджеттепе унивесритетінде, магистратураны ODTÜ (Таяу Шығыс техникалық университеті) университетінде, докторлық білімін АҚШ-та Аризона мемлекеттік университетінде тәмамдаған профессор Шахин, 1993 жылдан бастап Хаджеттепе университетінің оқытушысы және Педагогикалық ғылымдар институтының директоры қызметін атқаруда.
4 апреля, 2019

2019 жылдың 4 сәуірінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Ыстамбұл мәдениет университеті Халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісінің орынбасары доцент, доктор Чағла Гүл Йесеви «Еуразиядағы энергетикалық саясат» тақырыбында семинар өткізді.

Доцент, доктор Чағла Гүл Йесевидің семинары Алматы сапары аясында институтымызда қонақ болған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президенті профессор, доктор Қамалбек Беркімбаевтың қатысуымен ұйымдастырылды.
5 апреля, 2019

2019 жылдың 4 сәуірінде ЕҒЗИ Ыстамбұл мәдениет университеті Халықаралық қатынастар кафедрасы меңгерушісінің орынбасары доцент, доктор Чагла Гүл Йесеви «Түркістаннан қоныс аударудың бірегейліктің қалыптасуына ықпалы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Доцент, доктор Чағла Гүл Йесевидің семинары Алматы сапары аясында институтымызға қонақ болған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президенті профессор, доктор Қамалбек Беркімбаевтың қатысуымен ұйымдастырылды.
15 апреля, 2019

Еуразияда геосаяси тепе-теңдік ізденістерінің өткені мен бүгіні: Түркия перспективасынан Қытай мен Үндістан

2019 жылдың 15 сәуірінде Еуразия ғылыми-зерттеу институты тарапынан ұйымдастырылған және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында өткізілген конференцияда Таяу Шығыс техникалық университетінің Халықаралық қатынастар бөлімінің профессоры, доктор Хүсейін Бағжы «Еуразияда геосаяси тепе-теңдік ізденістерінің өткені мен бүгіні: Түркия перспективасынан Қытай мен Үндістан» атты тақырыпта баяндама жасады.
16 апреля, 2019

Белдеу және жол» бастамасы: Түркия перспективасы

2019 жылдың 15 сәуірінде Еуразия ғылыми-зерттеу институты тарапынан ұйымдастырылған және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінде өткізілген конференцияда құрметті қонақ ретінде Таяу Шығыс техникалық университетінің Халықаралық қатынастар бөлімінің профессоры, доктор Хүсейін Бағжы «Белдеу және жол» бастамасы: Түркия перспективасы» атты тақырыпта баяндама жасады.
19 апреля, 2019

19.04.2019 ЕҒЗИ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен бірлесе отырып,түркітанушы, педагог, аудармашы Телжан Шонанұлының туғанына 125жыл толуына орай «ХХ ғасырдың басындағы жазу реформасы:Телжан Шонанұлы мұрасы» атты конференция ұйымдастырды

Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер Қазақстанның латын әліпбиіне өту үдерісі кезінде маңызды жұмыс атқарып жатқан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметіне табыс тіледі.
20 апреля, 2019

20.04.2019 жылы ТР Жастар және спорт министрі д-р Мехмет Мухаррем Касапоғлу делегациясы мен Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыран, ТР Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык және ТР Алматыдағы Бас консулы Рыза Каған Йылмаз ЕҒЗИ қонақта болды

Сапар барысында Касапоғлу мырза Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғимараты мен кітапханасын аралап, институт қызметкерлерімен танысты. Институт директоры, доцент, доктор Вакур Сумер Касапоғлу мырзаға және оның делегациясына институт қызметі туралы таныстырып, болашақта жоспарланған жақын және ұзақ мерзімді жоспарлар туралы баяндады.
22 апреля, 2019

Ғылым тарихы перспективасында технологияларды басқару

2019 жылы 22 сәуірде Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінің бірлесіп ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің мүшесі, профессор, доктор Мухиттин Шимшектің «Ғылым тарихы перспективасында технологияларды басқару» атты семинар-конференциясы өтті.