November

November 25, 2021

2021 жылы 25 қарашада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Түркітілдес елдердің ынтымақтастығы мен ықпалдастық үдерісі» атты конференция өтті.

Конференцияға Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынжы мырза, Қырғызстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Назаралы Аріпов мырза, Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы консулы Бахтияр Камалов мырза, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, доктор Жанар Темірбекова, Ахмет Ясауи университетінің ректор өкілі, профессор, доктор Женгиз Томар, Философия, саясат […]
November 18, 2021

2021 жылы 18 қарашада ADASTRA зерттеу орталығының директоры Виктор Карвацкий «Украина газ секторының даму перспективалары» атты онлайн семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен кейін сөз алған Виктор Карвацкий ең алдымен институтқа осындай семинар өткізу мүмкіндігі үшін алғысын білдіріп, Украинадағы энергетика, әсіресе, газ өнеркәсібі туралы маңызды ақпараттар берді. Семинардың жалғасында Виктор Карвацкий энергетиканың әлемде ең көп талқыланатын маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтіп, сы […]
November 11, 2021

Түркия Белоруссияны емес, Польшаны қолдайды

Польша Сыртқы істер министрі Збигнев Рау мен Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу телефон арқылы сөйлесіп, Белоруссия мен Еуропалық Одақ (ЕО) шекарасындағы мигранттармен жағдайды талқылады […]
November 11, 2021

2021 жылы 11 қарашада Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясының (SOCAR) бұрынғы президенті, доктор Сәбит Багиров «Әзербайжандағы жасыл энергетикаға көшу жағдайы» тақырыбында семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған семинарда SOCAR-дың бұрынғы президенті, доктор Сәбит Багиров Әзірбайжандағы жасыл энергияға көшудың негізгі жағдайын түсіндіре отырып, Энергияның ауысу индексі (2012-2021), жаңартылатын энергия көздері мен оларды пайдалану, мемлекеттік саясат пен құқықтық орта, институттар, тарифтер, инвестициялық жобалар мен донорлар сияқты негізгі мәселелер […]
November 9, 2021

Биткойн бағасы алғаш рет 68 мың доллардан асты

Сауда сессиясының барысында биткойн бағасы 4,69%-ға өсіп, 68,230 мың долларға жетті (сағат 06:44-дегі жағдай бойынша), деп хабарлайды […]
November 4, 2021

2021 жылы 4 қараша күні Газиантеп университеті Өнер және ғылым факультеті Тарих кафедрасының доценті, доктор Юнус Эмре Тансу «Орталық Азиядағы тәуелсіздік үшін күрес» атты онлайн семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған семинарда Газиантеп университеті Өнер және ғылым факультеті Тарих кафедрасының доценті, доктор Юнус Эмре Тансу негізінен бұрын Түркістан деп аталған Орталық Азия аймағының тарихы мен аймақтағы тәуелсіздік жолындағы күрестер туралы мағлұмат берді. Доцент, доктор Таңсу ең алдымен түркі халықтары өмір […]