September

September 22, 2022

2022 жылдың 22 қыркүйегінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Гарвард университеті Фэйрбанк қытайтану орталығы бірлесіп «Шығыс пен Батыс деректеріндегі Қазақ хандығы шекарасының қалыптасуы» атты конференция өткізді.

Конференцияның ашылу сөзін сөйлеген институт директоры, доктор Суат Бейлур Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Гарвард университетінің Фэйрбанк қытайтану орталығы бірлесіп ұйымдастырған конференцияның тарихи карталар негізінде Қазақ хандығының  шекараларының таныстырылуын ашып көрсету арқылы картографиялық және аймақтық зерттеулерге, әсіресе қазақ тарих ғылымына маңызды үлес қосуды мақсат […]
September 13, 2022

2022 жылдың 13 қыркүйегінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты дайындаған, «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» атты кітап пен 2 томдық «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты екі томдық еңбектің тұсаукесері өтті.

Ашылу салатанатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доктор Суат Бейлур, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, доктор Жанар Темірбекова, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынжы, […]
September 10, 2022

2022 жылдың 7-9 қыркүйек күндері Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен V Халықаралық экономика, қаржы және энергетика конгресі (EFE’2022) өтті.

2014 жылдан бері екі жылда бір рет жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан конгрес биыл Сараево халықаралық университеті, Нью-Йорк Тирана университеті және Ибн Халдун университетімен бірлесіп өткізілді. Пандемиядан кейінгі әлемдегі негізгі экономикалық, қаржылық, саяси және энергетикалық үдерістерді ғылыми тұрғыдан талқылауға бағытталған EFE’2022 конгресі бетпе-бет және онлайн (аралас әдіс) қатысу форматында өтті. […]