16

October 16, 2022

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтының делегациясы 2022 жылы 14-16 қазан аралығында Астанадағы бағдарламасы аясында Халықаралық Түркі академиясында болды.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доктор Суат Бейлур мен институт директорының орынбасары Женгизхан Жаналтай, аға ғылыми қызметкерлер Өмірбек Қанай мен Алмас Жүнісбаев қатарлы делегация мүшелері Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті, доктор Физули Мажидли Түркі академиясының тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев, Ғылым және талдау бөлімінің сарапшылары Тимур Козырев, Нурдин Усеев және Дінмұхаммед Әметбекпен кездесті. […]