Халықтың қартаюы осы ғасырдың ең маңызды және шарасыз әлеуметтік мәселелерінің бірі болып, оның зардаптары еңбек нарығына, тауар өндірісі мен қызмет көрсетуге, сондай-ақ адамдар арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуде. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 2017 жылы жариялаған Әлемдік демографиялық болжам есебіне сәйкес, 2050 жылға қарай 60 жас және одан жоғары жастағы адамдардың саны екі есе артып, 2100 жылға таман үш есе көп болады деп күтілуде. Яғни, 2017 жылы әлемдегі қарт адамдардың саны 962 миллионды құраған болса, 2050 жылға дейін 2,1 миллиардқа және 2100 жылы 3,1 миллиардқа дейін өседі деп болжанып отыр.
Надирова Гүлнар Ермұратқызы Ленинград мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін бітірген. 1990 жылы Мәскеу шығыстану институтында Алжир әдебиеті бойынша кандидаттық диссертация, ал 2006 жылы Ташкент шығыстану институтында қазіргі заманғы араб тілді Тунис әдебиеті бойынша докторлық диссертация қорғады, профессор.