Түркістан қаласының келешек туристік әлеуеті көнеден қалыптасқан өзіндік дәстүрлерімен тікелей байланысты. Мұны Жібек жолы бойында орналасқан Түркістан қаласының мәдени және тарихи ескерткіштерімен түсіндіреміз. Бұл дәстүрлі құндылықтар заманауи қаланың туристік әлеуетіне көп ықпал етіп отыр. Оны ең алдымен тарихи қаланың қазіргі сақталу жағдайы мен бүгінгі архитектуралық нысандардағы ортағасырлық стильмен сабақтастығы ретінде қарастыруға болады.
PDFҚазіргі таңда Жайлыбаев Дәулет Еуразия ғылыми-зерттеу институтында ізденуші болып қызмет атқарады. Ол 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) тарих мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2013 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ этнология кафедрасында магистратураны аяқтап, «Қазақстандағы әзербайжандар: этномәдени үрдістер» атты тақырыпта диссертация қорғады.