Әзербайжан Таулы Қарабақ бойынша 2020 жылдың 27-қыркүйегінде екінші рет тұтанған соғысты 44 күнде өз пайдасына шешті. Дегенмен, Оңтүстік Кавказ аймағындағын жағдайға толық шешу үшін арнайы келісімнің болуы қажетті. Осы мақсатта Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бітімгершілік бастамасымен 2020 жылдың 10-қарашасында Мәскеуде Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Алиев Таулы Қарабақ аймағындағы соғыс пен әскери қақтығыстарды тоқтату және аймақта бейбіт жағдай орнатуға келісім түзді. Үш лидер қол қойған келісімде көрсетілгендей Армения аймақтағы Агдам облысы 2020 жылдың 20 қарашасына дейін, Келбаджар аймағын 2020 жылдың 15 қарашасына дейін, Лачин аймағын 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін Әзербайжанға қайтарды. Алдағы үш жылда Таулы Қарабақ пен Армения арасындағы байланысты қамтамасыз ететін Лачин дәлізі (ені 5 км) бойымен жаңа маршрут салу жоспары да келісімде бар. Аймақта екі елдің азаматтарының көлік құралдары және тауар тасымалының еркін қозғалысының қауіпсіздігіне кепілдік бабы көрсетілген. Келісімнің ең соңғы Әзербайжанның батыс облыстарымен Нахчыван Автономиялық Республикасы (НАР) арасындағы жаңадан салынатын көлік қатынасының құрылысы да айқын көрсетілуі ел басшыларының айқан үшін маңызды құжатқа қол қойылды (Әзербайжан Президентінің ресми сайты, 2020).
Кеңес үкіметінің орнауымен Түркияның Әзербайжанмен яғни Нахчыванмен жердегі байланысы 1920 жылы үзілген. Терең тарихи тұжырымдамалар мен деректерде Нахчыван Әзербайжанның өз жері екенін айғақтайтын құжаттар жеткілікті болғанымен 1 ғасырдан астам уақыт бұл аймақта шынайы және құжат жүзінде бекітілген келісімдер орындалмады. Кеңес Одағы кезінде Әзербайжан мен НАР арасында салынған көлік желілері 1990 жылдардың басындағы Қарабақ соғысынан бастап 30 жылдай пайдаланылмады. Әзербайжан мен НАР арасындағы көлік және теміржол қатынасын қалыптастыратын дәліз – Зензазур дәлізі аймақтағы қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа жол ашып, ұзақ жылдар тұралаған инфрақұрылымға жан бітіреді. Зенгезур дәлізі Армения территориясы арқылы өтетін болғанымен Келісім негізінде Әзербайжан басшылығы НАР арасындағы көлік және теміржол байланысын қалпына келтіруді батыл қолға алды. Ол іске қосылған кезде Анадолы мен Нахчыванның Әзербайжан және Каспий теңізі арқылы Орталық Азиямен байланысы артады. Қазіргі таңда Әзербайжаннан НАР-ға Иран арқылы жолмен немесе ұшақпен ғана қатынасы бар (Trtavaz.com.tr, 2020). Дәліз ашылса, арақашықтық қысқарып, кедендік рәсімдеулермен уақыт өткізбей қолайлы жағдай қалыптастады. Дәліз аймақ елдерінің арасындағы байланысқа оң әсерін беріп, Түркия мен Әзербайжан арасындағы құрлықтық қатынас қашықтығын 400 шақырымға қысқарады. Армения үшін осы күнге дейін үлкен нарық мемлекеттері: Ресей мен Иран елдерімен арада тікелей теміржол байланысын қалыптастыра алмаған (Report.az, 2021). Армения-Иран теміржолы жобасының құны 2-3 миллиард АҚШ доллар. Географиялық қиын жағдай шетелдік инвесторларды аса қызықтыра қоймайтындықтан Армения дұрыс саясат жүргізіп Әзербайжан арқылы Иранға шығудың ыңғайлы жолын шешіп алуы керек. Көрші елдерде қолға алынған темір және көлік жолдары мен халықаралық дәліздерге оң саясат ұстанатын болса, Армения Әзербайжанның теміржол және көлік жол мүмкіндіктерін екі бағытта (Гүмрү-Нахчыван-Мегри-Баку және Ереван-Газах-Баку) пайдаланып, сауда айналымының 25-30% құрайтын Ресеймен еркін қарым-қатынас орната алады. Жалпы Зенгезур дәлізін жаңғырту бойынша Карс-Гүмрү теміржолы арқылы іске асыру қарастырылып жатыр. Бұл бойынша Карс-Гүмрү-Нахчыван-Меғри-Баку теміржолын қалыптастыруға 434 миллион АҚШ доллар қажет. Бұл жоба іске асқан уақытта бағыттың жүк тасымалын өткізу мүмкіндігі 13 жыл ішінде жылына 10 миллион тонна артады. Аймақтағы қарым-қатынастардың реттелуімен жалпы тауар айналымын Армения Түркиямен 3-тен 13%-ға дейін ұлғайту жағдайы қалыптасады. Бұл тұста Әзербайжан экспортын 1,2 миллиард манатқа (705 миллион АҚШ доллары), арттыру мүмкіндігі қалыптасып отыр. Ел экономикасындағы маңызды салалар жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)-нің 2 %-ға, өңдеу өнеркәсібін 3 %-ға және тау-кен өнеркәсібін 2,7 %-ға арттыруға әсер етеді. Жалпы Қарабақ бостандығы орта уақыт аралығында Әзербайжан экономикасының дамуына жаңа леп әкеліп, ауыл шаруашылығына 10,4 %-ға, туризмге 5,5 %-ға, тау -кен өндірісіне 5,3 %-ға, көлік қызметтеріне 4,9 %-ға, қайта өңдеу өнеркәсібі 4,3 %-ға және басқа қызметтер көрсеткіші 1,4 %-ға, артуына әсер етеді. Мұның арқасында шикізаттық емес саланың табысы ЖІӨ-ге 5,1% пайда түсіреді (Trend.Az, 2021).
Зенгезур дәлізі әлеуметтік, экономикалық, геосаяси және геостратегиялық жақтан Әзербайжаннан бөлек Қытай мен Орталық Азияны, тіпті Арменияның да Еуропа және Тынық мұхитына жалғайды. Аймақтағы әскери және саяси қақтығыстардың азаюымен елдер арасындағы сауда-саттықтың артуына себеп болады. Ресей, Әзербайжан, Түркия, Армения мен Иран арасындағы теміржол желісін кеңейтіп, Кавказ аймағындағы елдер арасындағы сауда көлемін жаңа деңгейге жеткізетін көптеген сауда жолдарын ашады. Әзербайжанның еуразиялық көлік хабына айналуымен қатар аймақтың транзиттік қауіпсіздігінде артырумен Кавказ аймағындағы көлік және темір жолы жаңа бәсекелестіктер тудырып, жаңа мүмкіндіктер ашады. Әрине, бұл тұрғыда халықаралық Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік көлік тасымалдау дәлізі мен Каспий теңізінен Еуропаға мұнай-газ құбыры жүйесінің құрылысы мен маршруттарымен жаңа леп әкеледі.Әзербайжанның Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік көлік дәліздеріндегі маңызды одан әрі арттырады. Тарихи Жібек жолында орналасқан және Еуропа мен Азия арасындағы логистикалық орталық болу жолында Әзербайжанның қолға алған істері баршылық. Шығыс-Батыс дәлізі Қытайдың Орталық Азия және Әзербайжан арқылы Еуропаға кедергісіз шығуы арадағы сауда көлімін едәуір дәрежеде арттырады. Мәселен, 2019 жылы Қытай мен Еуропалық Одақ (ЕО) елдері арасындағы сауда көлемі 720,8 миллиард АҚШ долларын құраған. Қытайдың мен ЕО арасындағы жаңа Инвестициялық келісімдер қазірден бастап-ақ Орта дәліз бойындағы тауар айналымына оң өзгерістер әкеледі (Diplomat.com, 2021). Мәселен, Қытайдың Әзербайжанмен арадағы сауда көлемі 2018 жылы 898,2 миллион АҚШ доллары болса, 2019 жылы 1,4 миллиард доллардан асқан (comtrade.un.org, 2021). Ал, Түркия мен Қытай арасындағы сауда-саттық көлемі 2019 жылы 21,8 миллиард АҚШ доллары болса, 2020 жылы пандемияға қарамай, арадағы тауар айналымы 24 миллиард долларға жетсе, 2021 жылдың алғашқы үш айындағы көрсеткіш өткен жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда 44 % артып, 8 миллиард долларды құраған. Ал, 2021 жылдың бірінші тоқсанында Баку-Тбилиси-Карс пен Орталық дәліз бойынша жүк тасымалы 2019 жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда 104 пайызға өсіп, 396 778 тоннаға жетуі Орталық дәліздің сұранысымен қуатының жыл өткен сайын өсіп келе жатқанын көрсетеді. Соғыстың тоқтауынан соң Әзербайжан мен Түркияның тарапынан бірлескен Оңтүстік Кавказ және аймақтағы көрші елдерін арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру «3 + 3» үлгісінде (Әзербайжан, Армения, Грузия + Түркия, Иран, Ресей) күн тәртібіне қойылды. Тарихи Жібек жолының бойындағы («Шығыс-Батыс дәлізі», «Темір Жібек жолы», Еуропалық Кавказ Азия көлік дәлізі (ТРАСЕКА) секілді жобалардың аймаққа яки керісінше аймақтың жобалардың өміршең болуында маңызы зор. Зенгезур дәлізі Қытай-Еуропа Орта дәлізі бойындағы Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдердің экономикасына оң ықпал етеді (Анадолы Агенттігі, 2021).
Көлік және теміржолдарын салу арқылы Шығыс-Батыс көлік дәлізінің осы бағытта тартылуына нәтижесінде Нахичеванның дамуына мүмкіндіктер әкеледі. Оңтүстік Кавказ транзитінің маңызын артырумен қатар Еуропа мен Азияны байланыстыру мүмкіндігін жақсартады. Болашақта Баку-Тбилиси-Карс (БТК) теміржолы бойында туындауы мүмкін қарбаласты уақытынан бұрын шешіп, Қытайдың Еуропаға тауарды ең қысқа жолмен жеткізу мүмкіндігі арта түседі. 4256 шақырымдық теміржол мен 508 шақырымдық теңіз жолын қамтитын бұл дәліз Қытай-Қазақстан шекарасынан Әзербайжан (Каспий арқылы) және одан Грузиядан Түркияға созылады. БТК (826 км), Эдирне-Карс (1388 км) теміржол жобасы мен Мармара Пекиннен Лондонға дейін созылатын Орта дәліз үшін стратегиялық маңызы бар. Қытай үшін тауарларын Еуропаға Ресей арқылы өтетін Солтүстік дәлізге қарағанда Орталық дәліз арқылы тасымалдау жеңіл әрі тиімді. Қытайдан шыққан тауарлар Транссібір бағытымен Еуропаға 20 күнде, ал дәл сол жерге Орталық дәліз тасымалы 12 күнде жеткізеді. Қытайдан Еуропа теңіз арқылы тауар тасымалына 36 күн уақыт кетеді (Politicon.co, 2020).
Әзербайжан үкіметі жанындағы Экономикалық реформалар мен коммуникацияларды талдау орталығы көлім қатынасының жандаруымен экспорт көлемінің 710 миллион АҚШ долларға дейін артатырып есептеп шығарған. Зенгезур дәлізінің ашылса, ел үкіметі жыл сайын Баку-Нахичеван әуе рейстерін субсидиялауға жұмсайтын 10 миллион АҚШ долларын да үнемдейді. Әзербайжан Нахчыванға Иран арқылы газ жеткізгені үшін Тегеран төлем орнына транзит үшін 15% газды алып отырады. Зензегур дәлізінің арқасында мұндай артық шығындар кезең-кезең жойылады (Iz.ru, 2021). Ресей мен Иран арасындағы теміржолы қатынасының жаңа мүмкіндіктері ашылып, Армения да болашақта бұл дәліздің орасан пайдасын сезінеді. Арменияның қазіргі кейбір қарсылықтары уақыт өте казайып, үшжақты келісім аясында мемлекеттік пайдасы мәлімдеме шарттары бойынша да, өзінің пайдасын ескере отырып, Зензегур дәлізінің толық қуатта жұмыс істеуіне кедергі келмейді (Анкара дағдарыс пен саясатты зерттеу орталығы, 2021). Оның үстіне аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ресейдің бітімгершілік 1960 қарулы күштері, 90 бронетранспортерлері және 380 бірлік автокөлік пен арнайы техникасының орналастырлуы дәліздің болашағының қауіпсіздігі мен кедергісіз жұмыс жасауына кепіл болады (Ресей Президентінің ресми сайты, 2020).
Қорытындылай келе, Зенгезур дәлізі Әзербайжан арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыратын көптеген жүк тасымалдау жобалары үшін жаңа мүмкіндіктер кезең бола алады. Әзербайжанның Еуразияның көліктік-логистикалық хабы ретінде позициясын бекемдеуге мүмкіндік береді. Зенгезур дәлізі теміржолы және көлік жолдары құрылысын салумен аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктен бастап, инвестициялық орта қалыптасуына ықпал етіп, ұлттық экономикаға серпіліс әкеледі. Бұдан басқа экономикалық дүмпулер пен көлік инфрақұрылымының артықшылығы тек Нахичеван мен Әзербайжанмен шектеліп қалмауы, аймақтыққа кең көлемде оң нәтиже беруі дәліздің басты артықшылығы осы болмақ. Бұл тұрғыда Зенгезур дәлізі аймақтағы елдері арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қалыптастырумен бірге Арменияның да экономикалық дамуына зор мүмкіндік әкелетін жоба ретінде қарастырылуы тиіс. Аймақтағы елдерімен түрлі бағыттарда ынтымақтастық орнатқан түрлі халықаралық ұйымдармен қатар, аймақтағы алпауыт елдер де бұл бағытта оң ниет танытуы барлық тұрғыдан да маңызды. Нәтижесінде елдер арасындағы қырғықабақ ұстанымдар жұмсарып, күш пен жігер аймақ елдерінің экономикалық ынтымақтастық қуатының артуына жұмсалады. Ең алдымен аймақтағы қарым-қатынас күшейіп, инфрақұрылымда қалыптасатын жылы орта жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге молынан жол ашылатын болады.
Дереккөз:
Анадолы Агенттігі (2021). Зенгезур дәлізі, Пекин-Лондон желісі және Түркияның маңыздылығы артады. Сілтеме: https://www.aa.com.tr/tr/analiz/zengezur-koridoru-pekin-londra-hatti-ve-turkiye-nin-artan-onemi/2254505. Қаралған уақыт: 26.09.2021.
Анкара дағдарыс пен саясатты зерттеу орталығы (2021). Зенгезур дәлізінің стратегиялық маңызы. Сілтеме: https://www.ankasam.org/%D1%81%. Қаралған уақыт: 29.09.2021.
Әзербайжан Президентінің ресми сайты (2020). Әзербайжан, Армения және Ресей лидерлерінің мәлімдемесі. Сілтеме: https://president.az/articles/45923. Қаралған уақыт: 28.09.2021.
БҰҰ Comtrade мәліметтер базасы (2021). Дерекқор. Сілтеме: Https://comtrade.un.org/data/ Қаралған уақыт: 28.09.2021 ж.
Diplomat.com (2021). Қытай-ЕО инвестициялық мәмілесінің стратегиялық салдары. Сілтеме: https://thediplomat.com/2021/01/the-strategic-implications-of-the-china-eu-investment-deal/. Қаралған уақыт: 26.09.2021.
Iz.ru (2021). Дәлізге шықтық. https://iz.ru/1163024/igor-karmazin/vyshli-v-koridor-azerbaidzhan-gotovitsia-prolozhit-dorogu-cherez-armeniiu. Қаралған уақыт: 28.09.2021.
Politicon.co (2020) Әзербайжан және «Бір белдеу – Бір жол» бастамасы: Аймақтық көлік орталығы болу жолында. Сілтеме: https://politicon.co/en/analytics/33/azerbaijan-and-belt-and-road-initiative-on-the-way-of-becoming-a-regional-transport-center Қаралған уақыт: 27.09.2021.
Ресей Президентінің ресми сайты (2020). Әзербайжан, Армения және Ресей лидерлерінің мәлімдемесі. Сілтеме: http://kremlin.ru/catalog/countries/AZ/events/64384. Қаралған уақыт: 26.09.2021.
Report.az (2021). Дәліздің жарығы көріне бастады. Сілтеме: https://report.az/ru/analitika/svet-v-konce-koridora-marshrut-cherez-zangezur-stanet-impulsom-razvitiya-ekonomiki-regiona/. Қаралған уақыт: 29.09.2021.
Trtavaz.com.tr (2020). Карс-Ыдыр-Нахчыван желісі түрік әлемін жақындастырады. Сілтеме: https://www.trtavaz.com.tr/haber/tur/avrasyadan/kars-igdir-nahcivan-hatti-turk-dunyasini-bulusturacak/5fafc55a01a30a37d42655d0. Қаралған уақыт: 29.09.2021.
Trend.Az (2021). Әзербайжан жаңа экономикалық архитектураны қалыптастырады. Сілтеме: https://www.trend.az/business/economy/3363202.html. Қаралған уақыт: 30.09.2021.
Бұл блогта жарияланған пікірлер автордың жеке көзқарастары болып табылады, институттың көзқарасын білдірмейді.
Еркінбек Тұрғынов қазіргі уақытта Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтында ізденуші ретінде қызмет атқаруда. 2005-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде бакалавр, 2014-2016 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-де магистратура бойынша білім алды. 2008 жылы Республикалық «Жалын» журналында тілші болып жұмыс бастады. Қазіргі уақытта Б.Майлин шығармашылығын оқыту әдістемесі бойынша PhD диссертациясын жазып жүр.