Криптовалюта және криптовалюта нарығының соңғы жылдары, әсіресе COVID-19 кезеңінен бері әлемдік деңгейде таныла түскенін байқаймыз. Нақты сандық мысалдармен айтсақ, крипто биржасының көлемі 2013 жылғы 1 миллиард доллардан 2019 жылдың соңында 190 миллиард долларға дейін өссе, 2022 жылы 2 триллион долларға жетті (Coinmarketcap.com, 2022). Екінші жағынан, оның криптовалюталық инвестициялар арқылы көп ақша табу және жоғалту сияқты жағдайларға байланысты күнделікті жаңалықтарда көбірек орын алуы бұл танымды арттыра түсті. Тіпті түрлі экономика арналары кейбір таңдаулы криптовалюталардың бағасын шетел валютасы, алтын және акциялар бағасы туралы күнделікті жаңалықтарына қоса бастады (CNBC, 2022). Біз мұны криптовалюталарға деген қызығушылықтың көрінісі ретінде қарастыра аламыз.
Криптовалюталар – бұл толық цифрлық ортада қауіпсіз сауда мен меншікті қамтамасыз ететін компьютерлік желі бағдарламалық құралын пайдалану арқылы жасалған цифрлық активтер (Binance Academy, 2021). Ұлттық валюталардан айырмашылығы, оларға билік тарапынан қолдау көрсетілмесе де, криптовалюталардың нақты қаржылық құндылықтары болады. Бұл құндылықтарды толығымен инвесторлар тарапынан анықталуы олардың алыпсатарлыққа барынша ашық екенін көрсетеді. Мұндай жағдайларда инвесторлар өздерінің криптоақша инвестицияларын құбылмалы уақытта қорғау үшін долларға негізделген тұрақты криптовалюталарға айырбастай алады. Содан кейін олар қызықтыратын криптовалюталардың бағалық жағдайы жақсарған кезде, қайта инвестиция сала алады. Бұл оларға инвестицияларын алып тастамай, крипто әлемінде қалуға мүмкіндік береді. Тұрақты криптовалюта да доллар қорын сақтап, сатып алушыларға қауіпсіз екендігі туралы ақпарат береді (Хейс, 2022).
Осыған байланысты, орталық банктердің криптовалюта әлемін өздерінің бақылауынан тыс ақша сұранысы мен төлем жүйесі ретінде көрумен қатар, тұрақты криптовалюталарды күшейіп келе жатқан бәсекелестер ретінде қарастырады (Каталини және Массари, 2021). Басқаша айтқанда, криптовалюталар арасында ең күшті және ең танымал биткоиннің орнына долларға негізделген тұрақты криптовалюталарға сұраныс артып, криптовалюталарды қолдану кеңірек таралса, жақын болашақта орталық банктермен бәсекеге түсуі мүмкін. Сондықтан әртүрлі орталық банктердің Орталық банктің цифрлық валюта бағамын (ОБЦВБ) сынап көруі аталмыш бәсекелестік пен жаңа технологияларға жауап болып табылады (Георгиева, 2022). Бұл мәселенің маңыздылығын тереңдеп көрсету үшін келесі мысалды келтіруге болады. Қазіргі уақытта көбіміз бірқатар банк қызметтерін цифрлық ортада интернет арқылы жасай аламыз. Бұл жүйені крипто әлемімен теңестіруге болмайды, өйткені банктер бұл ақшаны орталық банктерден алатын ақшамен арқылы жқнелтеді. Тұрақты криптовалюталар, керісінше, орталық банктерден тәуелсіз әрекет ететін жеке тұлғалар мен мекемелердің жобалары болып, сенімді болу үшін доллар резервтерін ұстайды. Өйткені олар берілген әрбір тіркелген криптовалюта үшін 1 доллар бере алуы керек (Sertaç, 2022).
ОБЦВБ технологиялық инфрақұрылымы бойынша криптовалюталарға ұқсас болғанымен, олардың әртүрлі айырмашылықтары бар. Криптовалюталар толығымен орталықтандырылмаған құрылымға ие және ешкім бақыламайды, ақшалай құндылықтары бола тұра, оларға ешқандай үкімет тарапынан қолдау көрсетілмейді және ақша эквиваленттері болмайды. ОБЦВБ-лерді тиісті елдің орталық банкі қолдайды, белгілі тұлғалар бақылай алады, сонымен қатар олардың ақшалай құндылықтары бекітіліп, сол елдің валютасымен қамтамасыз етіледі. Осылайша, оларды блокчейн сияқты технологиялардың артықшылықтарын пайдалана отырып басқаруға болатын қауіпсіз цифрлық валюталар ретінде қарастыруға болады. ОБЦВБ арқылы ақша аудару ыңғайлы болып, аударым шығындарын азайтуға көмектеседі. Осылайша, бизнес пен тұтынушыларға жаңа қаржылық мүмкіндіктерді қауіпсіз қамтамасыз етуге болады. Екінші жағынан, ол қаржы жүйесі талап ететін кейбір транзакцияларды жеңілдету арқылы көптеген ақша-несие және қаржылық саясаттарды жүзеге асыруды жеңілдетеді (Шобхит, 2022).
Аталмыш даму ерекшеліктерін қарастыру арқылы орталық банктер жүзеге асыратын ОБЦВБ жобаларының маңыздылығы тіпті де айқындала түседі. Әлемнің 100-ден астам елі ОБЦВБ зерттеулеріне қызығушылық танытып, сынақ зерттеулерін жүргізіп жатқаны белгілі (Георгиева, 2022). Олардың ішінде Багам аралдары мен Нигерия өздерінің ОБЦВБ-лерін шығарып, оларды қол жетімді етті. Қытай да қолданылу аясы шекті цифрлық юан туралы зерттеулер жүргізуде. Ал, көптеген Еуропа елдері, Канада, Ресей, Түркия және кейбір Азия елдері ОБЦВБ зерттеулерін белсенді жүргізеді. (Харпал, 2022; Георгиева, 2022; Ян., 2022).
Осыған байланысты Түркияның өз криптовалюталарын жасайтыны туралы түсініксіз мәлімдемелер де жиі кездеседі. Іс жүзінде жұмыс істеп жатқан жоба – ОБЦВБ (Sertaç, 2022). Түркиядағы оқиғаларды тілге тиек етер болсақ, ОБЦВБ зерттеулері 2019 жылдың шілдесінде жарияланған 2019-2023 жылдарды қамтитын 11-ші даму жоспарына енгізілген. Тиісті бөлімде «орталық банктің блокчейнге негізделген цифрлық ақшасы тәжірибеге енгізіледі» делінген (Түркия республикасы Президент әкімшілігінің Стратегия және бюджет департаменті, (2019). Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Түркияның Орталық банкі Aselsan, Havelsan және Tübitak-Bilgem компанияларымен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойып, цифрлық түрік лирасы бойынша ынтымақтастық платформасы құрылды. Жоба барсында әртүрлі алдын-ала сынақтар өткізілгеннен кейін, бірінші кезеңдегі пилоттық зерттеулер аясында цифрлық түрік лирасы желісі құрылып, жабық тізбек сынақтары жүргізіледі. Осы кезеңде алынған нәтижелер бойынша келесі және жан-жақты кезеңдерден өтіп, зерттеулер жалғасады. Бірінші кезеңнің нәтижелерін 2022 жылы жұртшылық жариялау жоспарланып отыр (Түркия Орталық банкі, 2021 ж.). Бұл мәселеге қатысты әзірлемелер мен жол картасы 2022 жылға арналған Президенттің жылдық бағдарламасына да кеңірек енгізілген. Осы жоспарға сәйкес; 1. Қолданыстағы және озық технологиялардың Орталық банктің цифрлық түрік лирасының талаптарына сәйкестігі үшін зерттеу және әзірлеу жұмыстары жалғасады. 2. Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және сынақтық зерттеулер бағдарламаланатын ақша және офлайн төлемдер деңгейі қызметтері үшін технологиялық инфрақұрылымды құру арқылы жүзеге асырылады. 3. Цифрлық түрік лирасы жүйесінің басқа байланысты жүйелермен интеграциясы әске асырылады. (Түркия республикасы Президент әкімшілігінің Стратегия және бюджет департаменті, 2022).
Жаһандық деңгейде ОБЦВБ және тіркелген криптовалюталар бойынша ағымдағы оқиғаларды сараптаған кезде, елдер арасындағы жарыс тек ОБЦВБ шығарумен шектелмейтінін және тіркелген криптовалюталардың қай валютаға бекітілетіні туралы бәсекелестік бар екенін көреміз (Allaire және Денель, 2022; Сертач, 2022). Қазіргі уақытта ең ірі стабилкоиндер болып есептелетін USDC, USDT, BUSD долларға бекітілген. Дегенмен, алдағы кезеңде крипто нарығының кеңеюі тіркелген криптовалюталардың қолдану аймақтары мен көлемін ұлғайтуға көмектеседі. Осы тұрғыда әртүрлі айналымдағы және жаңадан шығарылған тұрақты криптовалюталарды бекітуге болатын халықаралық валюталардың ішінен долларға баламалы валюталарды таңдау мүмкіндігі бар. Мысал ретінде, еуроға бекітілген, жаңадан шығарылған EURS және USDT шығарған Tether ұйымының EURt тұрақты криптовалюталарын көрсетуге болады (Eurs, 2022; Tether, 2022). Мұндай криптовалюталарға қытай юаны мен жапондық иен сияқты түрлі мысалдар қосылатын болса, мүлдем басқа мүмкіндіктер мен жаңа бәсекелестік орта қалыптасатын болады.
Сол себепті, АҚШ-тағы криптовалюталар мен криптовалюта әлеміне қалыпты түрде қарайтын көптеген сарапшылар доллардың әлемдегі нақты үстемдігінің бір нәтижесі ретінде крипто әлемінде долларға байланудың артықшылығын жіберіп алмауы керек және бұл нарықты қабылдау әрі оның позициясын нығайту керек деген дәлелдерді жиі ортаға қояды (Аллер және Денель, 2022). Алайда, АҚШ-та Федералдық резервтік жүйе (FED) ОБЦВБ-ге көзқарасы мен зерттеулерінің жылдамдығына байланысты басқа елдерге қарағанда көбірек құлықсыз екені байқалады және тұтастай алғанда, ол крипто нарықтарына сақтықпен жақындап, өзінің теріс көзқарастарын көбірек көрсетеді. (МакКензи, 2022). Бұл оқиғалар бізге криптовалюта әлемінің елеусіз қалдырмайтын жағдайға жеткенін және инвестиция тұрғысынан үлкен тәуекелдерге ие болғанымен, технологиялық артықшылықтар пайдаланылмаса, елдердің осы қаржылық революциядан артта қалу ықтималдығын байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі уақытта бақыланбайтын және белгісіз аспектілер бар болса да, қажетті ережелермен ықтимал жағымсыз аспектілерді азайту арқылы крипто нарығының да, жалпы блокчейн технологиясының да артықшылықтарын толық пайдалануға болады.
Дереккөз:
Ақсан, Сертач (2021). Цифрлық түрік лирасы инновациялық және бәсекеге қабілетті болады. Сілтеме: https://www.trthaber.com/haber/gundem/dijital-turk-lirasi-yenilikci-ve-rekabetci-olacak-609565.html. Қаралған уақыты: 09.04.2022.
Аллайр, Джереми және Диксон, Денелл (2022). Жаһандық Интернетте доллар қалай жеңімпаз бола алады? Сілтеме: https://www.barrons.com/articles/how-the-dollar-can-win-the-global-internet-51644968932. Қаралған уақыты: 10.04.2022.
Binance академиясы (2021). Криптовалюта дегеніміз не? Сілтеме: https://academy.binance.com/en/start-here?utm_campaign=googleadsxacademy&utm_source=googleads&utm_medium=cpc&gclid=Cj0KCQiA0eOPBhCGARIsAFIwTs6iwkHGkpcn39DSf1SjZYpG9-CLFIv58iT8cF_I67mk7lKo2j3WaPQaAkOdEALw_wcB. Қаралған уақыты: 19.02.2022.
CNBC (2022). Криптовалюта биржасы. Сілтеме: https://www.cnbc.com/cryptocurrency/. Қаралған уақыты: 08.04.2022.
Coinmarketcap.com (2022). Жаһандық криптовалюта диаграммасы. Сілтеме: https://coinmarketcap.com/charts/. Қаралған уақыты: 08.04.2022.
Георгиева, Кристалина (2022). Болашақтың ақшасы: Орталық банктер цифрлық валюталарға дайындалуда. Сілтеме: https://www.imf.org/en/News/Articles/2022/02/09/sp020922-the-future-of-money-gearing-up-for-central-bank-digital-currency. Қаралған уақыты: 09.04.2022.
Еуро (2022). Қаржылық қызмет ретінде сіздерге еуроны ұсынамыз. Сілтеме: https://eurs.stasis.net/. Қаралған уақыты: 10.04.2022.
Каталини, Кристиан және Массари, Джай (2021). Тұрақты криптовалюталар және ақшаның болашағы. Сілтеме: https://hbr.org/2021/08/stablecoins-and-the-future-of-money. Қаралған уақыты: 09.04.2022.
Маккензи, Сигалос (2021). Неліктен ФРЖ криптовалюталарды және әсіресе тіркелген криптовалюталарды жек көреді. Сілтеме: https://www.cnbc.com/2021/07/16/jerome-powell-promotes-cbdc-digital-dollar-warns-against-stablecoins.html. Қаралған уақыты: 10.04.2022.
Харпал, Арджун (2022). Қытай цифрлық валютасының қолдану аймағын кеңейтуге тырысуда. Сілтеме: https://www.cnbc.com/2022/01/11/china-digital-yuan-pboc-to-expand-e-cny-use-but-challenges-remain.html. Қаралған уақыты: 09.04.2022.
Хейс, Адам (2022). Тұрақты криптовалюталар дегеніміз не? Сілтеме: https://www.investopedia.com/terms/s/stablecoin.asp. Қаралған уақыты: 08.04.2022.
Тетер (2022). Тетер криптовалюталары болашаққа жетекшілік етеді. Сілтеме: https://tether.to/en/. Қаралған уақыты: 10.04.2022.
Түркия республикасы Президент әкімшілігінің Стратегия және бюджет департаменті (2019). Он бірінші даму жоспары (2019-2023). Сілтеме: https://www.sbb.gov.tr/wp-content/uploads/2019/07/OnbirinciKalkinmaPlani.pdf. Қаралған уақыты: 09.04.2022.
Түркия республикасы Президент әкімшілігінің Стратегия және бюджет департаменті (2022). Президенттің 2022 жылға арналған жылдық бағдарламасы. Сілтеме: https://www.sbb.gov.tr/wp-content/uploads/2021/10/2022-Yili-Cumhurbaskanligi-Yillik-Programi-26102021.pdf. Қаралған уақыты: 10.04.2022.
Түркия Орталық банкі (2021). Орталық банктің цифрлық түрік лирасы ҒЗТКЖ жобасы туралы баспасөз мәлімдемесі. Сілтеме: https://www.tcmb.gov.tr/wps/wcm/connect/TR/TCMB+TR/Main+Menu/Duyurular/Basin/2021/DUY2021-40. Қаралған уақыты: 10.04.2022.
Шобхит, Сет (2022). Орталық банк цифрлық валютасы. Сілтеме: https://www.investopedia.com/terms/c/central-bank-digital-currency-cbdc.asp. Қаралған уақыты: 09.04.2022.
Ян, Смит (2022). Орталық банк цифрлық валютасы: қай елдер пайдаланады, қайсысы зерттеулерді бастайды немесе жоспарлауда? Сілтеме: https://www.euronews.com/next/2022/03/09/cbdcs-these-are-the-countries-are-using-launching-or-piloting-their-own-digital-currencies. Қаралған уақыты: 09.04.2022.
Бұл блогта жарияланған пікірлер автордың жеке көзқарастары болып табылады, институттың көзқарасын білдірмейді.
Қазіргі таңда Женгизхан Жаналтай Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының директордың орынбасары болып жұмыс атқарады. Ол 2010 жылы КИМЭП университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесiн тамамдаған. Магистратурасын 2014 жылы КИМЭП университетінің халықаралық қатынастар бөлімінде «Оралмандарың Қазақстан қоғамына интеграциясы: Түркия қазақтары» атты диссертациясыны қорғап тамамдайды.