1991 жылы Түркі республикаларымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, аталған елдерде елшілік ашқан алғашқы мемлекет – Түркия. Түркия мен Түркі республикалары арасындағы тарихтан жеткен мәдени, тілдік, діни және рухани жақындық пен байланыс аталған мемлекеттер арасында қарым-қатынастың қалыптасып, дамуында елеулі фактор болды. Тарихи кезеңдерге көз жіберсек, Түркия – 1991 жылы 9 қарашада Әзербайжанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел. Сондай-ақ, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанда да алғаш мойындап, таныған да – Түркия.
PDFЕркінбек Тұрғынов қазіргі уақытта Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтында ізденуші ретінде қызмет атқаруда. 2005-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде бакалавр, 2014-2016 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-де магистратура бойынша білім алды. 2008 жылы Республикалық «Жалын» журналында тілші болып жұмыс бастады. Қазіргі уақытта Б.Майлин шығармашылығын оқыту әдістемесі бойынша PhD диссертациясын жазып жүр.