Page 24 of 38
Түркістан облысының сакралды географиясы
2017 жылы 12 сәуірде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан кейін, еліміздің қоғамдық ғылымдар саласында үлкен серпіліс болды. Бұл «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына негіз болды. Осы бағдарлама аясында бірнеше бағытта ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынды. Оның ішінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясын» дайындау аса маңызды міндеттердің […]

Tags: Түркістан
October 25, 2020
Коронавирустың Орталық Азия-Қытай энергетикалық ынтымақтастығына ықтимал әсерлері
2019 жылы желтоқсанда Қытайда пайда болып, тез таралған коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) жаһандық індетке айналып, бүкіл әлемді әуіре-сарсаңға салуда. Дүниенің тқрт бұрышында өлімге себеп болып отырған коронавирустың өршуі туралы мәліметтер өте қорқынышты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (WHO) есебіне сәйкес, 2020 жылдың 3 шілдесіндегі жағдай бойынша әлемде коронавируспен ауырғандардың нақты саны […]

Cардоба су қоймасының жарылуының Түркістан облысындағы салдары
2020 жылдың 27–29 сәуір аралығындағы Өзбекстанның кейбір аймақтарындағы ауа райының күрт өзгеріп, жауын-шашынның мол түсуі Сырдария облысында орналасқан Сардоба су қоймасының жарылуына негіз болды. Қазақстанмен шекаралас облыста орналасқан су қоймасының жарылуы Өзбекстанның 70 мыңнан астам тұрғынын баспанасыз қалдырып, 20-дан астам елді мекеннің су астында қалуына мәжбүрледі [Informburo.kz, 2020]. Өзбекстан территориясында […]

Tags: Түркістан
Қытай-Жапония-Оңтүстік Корея еркін сауда келісімі: проблемалары мен болашағы
Соңғы жылдары жаһандық күш тепе-теңдігінің Азия-Тынық мұхиты аймағына қарай ойыса бастаумен қатар аймақтың әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық маңызы арта түсіп, аймақ елдер арасындағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық пен интеграциялық бастамалар да маңызды бола бастады. Әлем халқы мен экономикасының тең жартысынан астамын құрайтын Азия-Тынық мұхиты аймағында қазіргі таңда Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестік […]

Түркістан облысының этнодемографиялық жағдайы және оның бағыттары мен трансформациясы
Түркістан қаласының облыс орталығы болып құрылуы өңірдегі экономикалық, мәдени және демографиялық жағдайдың өзгеруіне ықпал етуде. Бұл Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі этнодемографиялық үрдістерінің бағыттары мен трансформациясына өзгерістер алып келуе. Қазіргі Түркістан облысының демографиялық жағдайы XX ғасырдың басынан бері әртүрлі көрсеткіштерге ие болды. Ерекшелігі, ғасыр бойы облыстың халық санының өсу динамикасы ілгерілеп отырған. […]

Tags: Түркістан
October 24, 2020
Түркияның көші-қон ағынымен күресі: жалпы жағдайды бағалау
2019 жылы әлем бойынша халықаралық мигрант деп танылғандардың саны 272 миллионнан асты. Әртүрлі себептермен өз еркімен және мәжбүрлі түрде көшкендерді қамтыған бұл көрсеткіштің соңғы тоғыз жыл ішінде айтарлықтай өсіп, 51 миллион адамға артқаны байқалады. 2018 жылы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғандардың саны 70,8 миллионға жетті. Соңғы он жылда әртүрлі елдерде […]

Tags: Саясат
Германиядағы әсіре оңшыл терроризмнің себептері
2020 жылғы 19 ақпанда Германияның Ханау қаласындағы 9 иммигрантты қамтыған жалпы 10 адамның өмірін қиып, біраз адамдарды жаралаған террорлық шабуыл Германия демократиясы үшін масқара жағдай болады. Шабуылдан кейін қатысты тергеу жүргізген Германия Федералды прокуратурасы (GBA) лаңкестің әсіре оңшыл және нәсілшіл көзқараста екендігі дәлелденгенін жариялады (GBA, 2020). Әсіресе иммигранттарға бағытталған бұл […]

Tags: Қауіпсіздік
Өзбекстан Республикасының бюджет жүйесі: Мирзиёевтың реформалары.
1991 жылдың 31 тамызында Өзбекстан мемлекеті өз тәуелсіздігін алған соң, мемлекеттің бюджет жүйесінің өзіндік моделін жасады. Мемлекеттік қаражатты тиімді әрі ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін мемлекеттің заңды әрі нормативтік-құқықтық базасын құру басым міндет болды (Cyberleninka.ru, 2020). Өзбекстан Республикасының «Бюджет жүйесі» заңына сәйкес, мемлекеттің бюджет жүйесі әр түрлі деңгейлердегі бюджеттің жиынтығы, […]

Tags: Өзбекстан
Ресейдің демографиялық жағдайы мен мемлекеттік қолдауы
2020 жылдың 15 қаңтарында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин федералдық жиналыста 16-шы жолдауын жасады. Жолдаудың ерте жасалу себебін қордаланған көптеген мәселелерді ерте анықтап, оларды барынша жылдам шешуге болатынымен түсіндірді. Жолдаудың басы демографиялық мәселеден басталып, Ресейде 147 млн. адам бар екенін және бұл көрсеткіш ресей үшін аз екенін атап өтті. Кеңес […]

Tags: Ресей
Әзербайжандағы парламент сайлауынан кейінгі өзгерістер
2020 жылдың 9-ақпан күні Әзербайжанда 6-шы шақырылым Мейли Межилис (Парламент) сайлауы өтті. Соңғы рет парламент сайлауы 2015 жылдың 1-қарашасында өткен болатын. Әзербайжан Конституциясы бойынша кезекті парламент сайлауы 2020 жылдың 1-қарашасында өтуі тиіс еді. Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Алиевтің жетекшілігіндегі «Жаңа Әзербайжан» партиясы – 2019 жылдың 28 қарашасында партияның құрылтайында елде […]

Tags: Әзірбайжан
Page 24 of 38
