Басқа Орталық Азия елдерімен салыстырғанда Тәжікстан негізінен 1990-шы жылдардың бірінші жартысында болған азаматтық соғысқа байланысты Солтүстік Атлант Шарты Ұйымымен (НАТО) ынтымақтастықты іс жүзінде айтарлықтай кеш орнатты. 1992 жылы Тәжікстан басқа посткеңестік республикалармен қатар кейінірек атауы Еуроатлантикалық әріптестік кеңесі (ЕАӘК) болып өзгертілетін Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесінің мүшесі болды. Алайда альянстың «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» (БЖС) бағдарламасына тек 2002 жылдың ақпанында ғана қосылды.
Дәурен Әбен «Қайнар» университетінде (Алматы, Қазақстан) халықаралық қатынастар бойынша магистратурасын тәмамдаған және Монтерей халықаралық зерттеулер институтында (Калифорния, АҚШ) халықаралық саяси зерттеулер бойынша магистр дәрежесін иемденіп, таратпау зерттеулері, қақтығыстарды шешу және саудалық дипломатия бойынша сертификаттар алған. Бұдан бұрын ол Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде аға жоба менеджері және ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.