admin

September 19, 2019

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Еркінбек Тұрғынов «Түркітілдес мемлекеттер арасында құрылған халықаралық ұйымдардың міндеті мен тарихы» атты тақырыпта семинар өткізді

Еркінбек Тұрғынов семинарында Еуразия құрлығында орналасқан түркі елдері арасында құрылған төрт негізгі халықаралық ұйым туралы баяндады. Атап айтқанда, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі кеңесі), Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ), ТүркПА және Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) жайлы толық ақпарат берді. Семинар барысында Тұрғынов тарихи түп-тамыры бір түркі елдері өз қарым-қатынастарын дамытуға […]
September 16, 2019

«Украина тұрғысынан «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асырудың перспективалары мен қауіптері

Юрий Пойта семинарды өзін-өзі таныстырудан бастап, Украинаның астанасы Киевте орналасқан Армия, конверсия және қарусыздану мәселелерін зерттеу орталығы (CACDS) туралы қысқаша мағлұмат берді. Ол CACDS армия, конверсия және қарусыздану салаларындағы стратегиялық зерттеулермен қатар, саясаттану, халықаралық қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы зерттеулермен айналысатынын айтты. Бұған қоса, соңғы жылдары Украина мен Ресей арасындағы […]
June 27, 2019

Қытай қазақтарының этномәдени құндылықтарды сақтауы

Қанай, семинар барысында Шыңжаңда тұратын этникалық қазақтардың өмірі, мәдениеті мен дәстүрлерінің күнделікті өмірде қолданылуы және ұлттық құндылықтарының сақталуы туралы ақпараттар мен мысалдар келтіре отырып баяндады. Өмірбек Қанай алдымен өзінің Қытайда туып-өскен қазақ екенін айта келіп, Қазақ дегенде ақылға келетін алғашқы элементтердің бірі, қазақ халқының көшпелі өмірінде қолданған Киіз үй мәдениеті […]
June 21, 2019

Каңнидо картасындағы (1402) Еуразия қалалары: Бесбалықтан Андалұсқа дейін

Т.ғ.д., профессор Кенжахмет семинарында 1402 жылғы Каңнидо картасы 1900-шы жылдары Жапонияда табылғанын және алғаш рет Жапонияның Моңғолия туралы зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдары тарапынан зерттелгенін айтты. Кореяның мемлекеттік қайраткерлері Ким Са-хен, И Му, И Хо және Конфуций ілімін ұстанған корей зерттеушісі Гвон Гын тарапынан сызылған әлемге әйгілі карта ұзақ жылдар бойы тарихшылардың назарын […]
June 3, 2019

Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздар тасымалы

Әлемнің 50 үздік университетінің қатарына кіретін Гонконг қалалық университеті (City University of Hong Kong) Азия және халықаралық зерттеулер бөлімінің аға оқытушысы, доктор Линда Тжиа Йин-нор семинар тақырыбының қазіргі таңда жүргізіп жатқан зерттеу жобасына қатысты екеніне тоқталды. Ол Қытай мен Еуропа арасында тауарлар мен жүк тасымалын қамтамасыз ететін жүк пойыздары тек […]
May 30, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағыты: экономикалық қайта өрлеу бағдарламасы

Тәуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, елде болып жатқан өзгерістерді талдау арқылы Қазақстан үкіметі өзінің назарын болашақтың бағытын айқындауға аударды. Атап айтқанда, еліміздің бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаев 1992 жылы жарық көрген «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» – деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты еліміздің егеменді мемлекет болуының […]
May 15, 2019

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының зерттеушісі Оңғарова Еркінай «Қазақстан сыртқы саясатында Каспий теңізінің рөлі» тақырыбында семинар берді

Еркінай Оңғарова семинарда негізінен Каспий теңізіндегі мол энергия көздерінің маңызына тоқталып, Каспий теңізінің Қазақстанның сыртқы саясатындағы рөлін баяндады. Ең әуелі Совет үкіметінен кейін пайда болған статус мәселесі бойынша жүргізілген келіссөздер және соңғы 2018 жылы қол жеткізген келісімшарт туралы талдау жасаған. Осыған орай Халықаралық теңіз құқығы аясында баға берген. Ол Н. […]
April 29, 2019

Тарихтан бүгінгі күнге дейінгі Армения мәселесі

Конференцияны ұйымдастыруға ат салысқан Еуразия ғылыми-зерттеу институтына алғыс білдіре отырып сөз кезегін алған доцент, доктор Сэйфи Йылдырым конференция тақырыбының, әсіресе, тарихшылар үшін маңыздылығына тоқталды. Доцент, доктор Сэйфи Йылдырым, өз баяндамасында өзінің әрі тарихшы әрі мұрағатшы болғанын айтты. Осман империясының барлық ұлттармен шын мәнінде бейбітшілік негізінде бірге өмір сүргенін және армяндарды […]
April 24, 2019

Ақпарат: табиғаты және технологияның артық салмағы

Конференцияның алғы сөзін бастаған ҚазҰАУ-дің «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеу орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ханкелді Әбжанов  университет оқытушылары және студенттерімен құнды ақпаратпен бөлісе келгені үшін профессор, доктор Мухиттин Шимшекке рахмет айтып, семинар тақырыбының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, бұл іс-шараны ұйымдастыруға ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық […]
April 23, 2019

Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Жапонияның Рицумейкан университетінен келген АйшинГиоро Кайхе «Қазақстанға қатысты маньчжур құжаттарына қысқаша шолу» атты тақырыпта семинар өткізді

АйшинГиоро Кайхе семинарында жалпы маньчжур халқының көрші қазақ және басқа да түркі халықтарымен қарым-қатынасын сипаттап, кейбір тарихи кезеңдерге қатысты ақпарат беретін ежелгі және ортағасырлық тарихи қолжазбалар туралы баяндап берді. АйшинГиоро Кайхе 1970-ші жылдардың басында Қытайда жүзеге асырылған ырықтандыру саясаты арқасында қазіргі уақытта бірқатар әдебиеттер мен мұрағатқа қол жеткізуге болатындығын атап […]