mcmxtr

January 25, 2019

2019 жылдың 24 қаңтарында Еуразия ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Тұрғынов Еркінбек «Латын әліпбиі: Ортақ түркі әліпбиінің артықшылығы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Тұрғынов Еркінбек баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қарастырып, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндірді. Осыған байланысты түркі халықтарының ортақ әліпбиді қолдану маңыздылығы мен өзектілігі туралы дәлелдер келтіріп, әртүрлі ұсыныстар жасады.
January 24, 2019

2019 жылдың 24 қаңтарында «Қазақ газеттері» ЖШС Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.

2019 жылдың 24 қаңтарында «Қазақ газеттері» ЖШС өкілдері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында болды.
January 18, 2019

17.01.2019 ЕҒЗИ-ында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның оқытушысы доктор Ерғали Есбосынов «Түркия-Ресей қарым-қатынастары мен Лозанна бейбітшілік келісімінің Кеңес дәуіріндегі саясаттану әдебиеттерінде қарастырылуы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Семинарда доктор Ерғали Есбосынов Ресей дереккөздеріндегі Лозанна бейбітшілік келісіміне қатысты ғылыми зерттеулер туралы толық мағлұмат беріп, бұл тарихи оқиғаны не себепті зерттейтіні туралы баяндап берді. Есбосынов Қазақстанның бұрын Кеңес Одағының мүшесі болғанын, сондықтан да Кеңес Одағы қазақтар атынан шешім қабылдап, маңызды құжаттарға қол қойғанын атап өтті. Лозанна бейбітшілік келісімі туралы ғылыми зерттеулер кеңестік кезеңнің шарттарына сәйкес жүргізілгенін мәлімдеді. Есбосынов зерттеу барысында тап болған қызықты дереккөздер туралы әртүрлі ақпаратпен бөлісті.
January 17, 2019

2019 жылы 17 қаңтарда Париж университеті (Сен-Дени) Француз геосаяси ғылымдар институтының магистранты Клотильда Тривин «Белдеу және жол» бастамасы және қазақ халқының ұлттық болмысы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Клотильда Тривин өткізген семинарында қазақ халқының ұлттық болмысының қалыптасуы және қазіргі халықаралық қатынастарда Қытай үкіметі бастамашы болған «Белдеу және жол» ұғымы туралы мағлұмат беріп, бұл жобаның Қазақстан үшін пайдасы мен қауіптері туралы сөз қозғады. «Белдеу және жол» жобасы аясында қазақ халқының ұлттық болмысын зерттеу барысында Тривин «қазақ» және «қазақстандық» деген ұғымдарға кеңірек тоқталып, елде белең алып жатқан интеграциялық үдерістерге көңіл бөлді.
January 10, 2019

2019 жылдың 10 қаңтарында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ажар Серікқалиева «Адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығы: Қытайдың сыртқы саясатындағы жаңа үрдістер» атты тақырыпта семинар өткізді.

Ажар Серікқалиева семинарында 2017 жылы 14-15 мамырда Пекинде өткен «Бір белдеу, бір жол» форумында Қытай тарапынан ұсынылған «Адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығы» тұжырымдамасы туралы ақпарат берді. Серікқалиева бұл тұжырымдаманың енгізілуімен «өз мүмкіндіктерін жасыру және ыңғай сәтті күту» стратегиясын ұстанған Дэн Сяопин дәуірінің аяқталғанын айтты.
December 28, 2018

2018 жылы 27 желтоқсанда Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистранты Марат Мұсабеков «Қазақстанның киберқалқаны» атты семинар өткізді.

Марат Мұсабеков семинарында «киберқауіпсіздік» ұғымы туралы мағлұмат беріп, Қазақстанның киберқауіпсіздік жүйесіндегі соңғы өзгерістерге тоқталып өтті. Мұсабеков Қазақстанда бұл мәселе бойынша жұмыстар 2006 жылы басталып, «киберқауіпсіздік» термині халықаралық деңгейде заңды түрде қабылданбаған термин екенін тілге тиек етті.
December 24, 2018

24.12.18 Қазақстанға сапары аясында Институтымызға шақырылған баяндамашы Мармара университетінің Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі профессор, доктор Шазие Абдуррахманоглу «Корпоративтік коммуникациялар» атты семинар өткізді.

Мармара университетінің Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі профессор, доктор Шазие Абдуррахманоглу семинарда Корпоративтік коммуникациялар департаменті Мармара Университеті ректоратына байланысты болып, коммуникациялық мақсаттарды айқындау, корпоративтік имиджді дамыту және қолдау мақсатында стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалар шеңберінде жұмыс істейтінін мәлімдеді.
December 21, 2018

2018 жылдың 21 желтоқсанында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында «Түркі әлемінің ең жаңа жауһары: бейбітшілік пен дипломатияның бас қаласы Астана» атты ғылыми талқы ұйымдастырылды.

2018 жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлесе отырып «Түркі әлемінің ең жаңа жауһары: бейбітшілік пен дипломатияның бас қаласы Астана» атты ғылыми талқы ұйымдастырды.
December 10, 2018

10.12.18 Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай «Тәуелсіздіктен кейін Орталық Азиядағы түркі елдерінің мәдени дамуы және интеграция ұмтылысы» атты конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз бен Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры профессор, доктор Сабри Хизметли құрметті қонақ ретінде қатысты.
December 6, 2018

06.12.18ж. Еуразия ғылыми-зерттеу институтында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының докторанты Таджиев Хамидулла «Шәді Жәңгірұлы шығармаларындағы діни-ағартушылық идеялар» атты семинар өткізді.

Семинарында Таджиев Хамидулла ақын Шәді Жәгірұлының қысқаша өмірбаянына тоқталып өтіп, бұл тақырыпта ғылыми зерттеу жүргізуінің басты мақсаты мен қандай нәтижеге қол жеткізгісі келетіні туралы баяндады. Шәді Жәгірұлының шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгергенін, дәстүрлі тақырыптарды дін және білім тұрғысынан зерттеп, оны өлең жолдарына түсіргенін айтты. Ол бүгінгі ұрпақтар үшін Шәдінің өлеңдері аса маңызға ие екенін атап өтті.