mcmxtr

December 13, 2019

2019 жылдың 13 желтоқсанында Ахмет Ясауи университетіне қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институтында «Қазақстанның тәуелсіздіктен бергі толағай табыстары мен жетістіктері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ахыска» түрік ұлттық-мәдени орталығы төрағасының орынбасары ф.ғ.д., академик Қазақбай Таштемірұлы Қасымов «Тәуелсіздік жылдарындағы этно-мәдени ұйымдардың жұмысы», Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы президентінің көмекшісі, Ғылыми-ұйымдастыру жұмыстары департаментінің басшысы PhD докторы Тимур Әпендиев Әкімханұлы «Тәуелсіздік жылдарындағы жастар саясаты»,...
December 16, 2019

Ресей-Түркия қарым-қатынастарындағы ортақ мүдделер: тарихи-мәдени тұрғыдан Түркия және Ресей

2019 жылдың 16 желтоқсанында Мәскеу қаласындағы Юнус Эмре институты, Ахмет Ясауи университеті, Гази университеті, Ресей Ғылым академиясының Шығыстану институты және Қазіргі заманғы Түркияны зерттеу орталығы тарапынан ұйымдастырылған «Ресей-Түркия қарым-қатынастарындағы ортақ мүдделер: тарихи-мәдени тұрғыдан Түркия және Ресей» атты II Халықаралық конференция өтті.
December 20, 2019

Еуразияның дамуында институттар және ғылым

2019 жылғы 20 желтоқсанда Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Ханьян университеті Азия-Тынық мұхиты зерттеу орталығы мен Кембридж Орталық Азия форумының ынтымақтастығымен «Еуразияның дамуында институттар және ғылым» атты семинар-практикум өтті.
December 26, 2019

2019 жылдың 26 желтоқсанында Мугла Сыткы Кочман университетінің магистранты Мелиса Арслан «Қазақстан мен Түркияның білім беру және мәдениет салаларының дамуы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Мелиса Арслан семинарында Қазақстан мен Түркия елдерінің білім беру және мәдениет салаларына шолу жасамастан бұрын аз дамыған және дамушы елдердің алдында тұрған даму мәселесінің өзектілігіне тоқталып өтіп, осы салада адами капиталдың маңызды рөл атқаратынын айтты.
March 31, 2020

«Ұлы дала данышпаны – Абай Құнанбайұлы» кітап тарауларына байқау

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Ұлы Дала данышпанының тұлғалық болмысы мен мұрасын түрлі қырынан қарастыратын халықаралық баспадан шығатын рецензиялы кітаптың тарауларын жазуға байқау жариялайды.