mcmxtr

June 3, 2019

Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздар тасымалы

2019 жылдың 3 маусымында Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Саясат, сыртқы саясат және қауіпсіздік ғылыми-зерттеу тобы семинарлары аясында Гонконг қалалық университетінен (City University of Hong Kong) доктор Линда Тжиа Йин-нордың «Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздар тасымалы» атты семинары өтті.
May 30, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағыты: экономикалық қайта өрлеу бағдарламасы

Б.С.Мырзалиев, э.ғ.д., профессорҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі
May 15, 2019

2019 жылы 15 мамырда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының зерттеушісі Оңғарова Еркінай «Қазақстан сыртқы саясатында Каспий теңізінің рөлі» тақырыбында семинар берді.

Еркінай Оңғарова семинарда негізінен Каспий теңізіндегі мол энергия көздерінің маңызына тоқталып, Каспий теңізінің Қазақстанның сыртқы саясатындағы рөлін баяндады. Ең әуелі Совет үкіметінен кейін пайда болған статус мәселесі бойынша жүргізілген келіссөздер және соңғы 2018 жылы қол жеткізген келісімшарт туралы талдау жасаған.
April 29, 2019

Тарихтан бүгінгі күнге дейінгі Армения мәселесі

29.04.2019 күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Хажеттепе университеті Ататүріктің принциптері және революция тарихы институтынан құрметті доцент доктор Сэйфи Йылдырым «Тарихтан бүгінгі күнге дейінгі Армения мәселесі» тақырыбында конференция өткізді.
April 24, 2019

Ақпарат: табиғаты және технологияның артық салмағы

2019 жылы 24 сәуірде Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің мүшесі, профессор, доктор Мухиттин Шимшектің «Ақпарат: табиғаты және технологияның артық салмағы» атты семинар-конференциясы өтті.
April 23, 2019

2019 жылдың 23 сәуірінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтында Жапонияның Рицумейкан университетінен келген АйшинГиоро Кайхе «Қазақстанға қатысты маньчжур құжаттарына қысқаша шолу» атты тақырыпта семинар өткізді.

АйшинГиоро Кайхе семинарында жалпы маньчжур халқының көрші қазақ және басқа да түркі халықтарымен қарым-қатынасын сипаттап, кейбір тарихи кезеңдерге қатысты ақпарат беретін ежелгі және ортағасырлық тарихи қолжазбалар туралы баяндап берді.
April 22, 2019

Ғылым тарихы перспективасында технологияларды басқару

2019 жылы 22 сәуірде Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінің бірлесіп ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің мүшесі, профессор, доктор Мухиттин Шимшектің «Ғылым тарихы перспективасында технологияларды басқару» атты семинар-конференциясы өтті.
April 20, 2019

20.04.2019 жылы ТР Жастар және спорт министрі д-р Мехмет Мухаррем Касапоғлу делегациясы мен Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыран, ТР Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык және ТР Алматыдағы Бас консулы Рыза Каған Йылмаз ЕҒЗИ қонақта болды

Сапар барысында Касапоғлу мырза Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғимараты мен кітапханасын аралап, институт қызметкерлерімен танысты. Институт директоры, доцент, доктор Вакур Сумер Касапоғлу мырзаға және оның делегациясына институт қызметі туралы таныстырып, болашақта жоспарланған жақын және ұзақ мерзімді жоспарлар туралы баяндады.
April 19, 2019

19.04.2019 ЕҒЗИ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен бірлесе отырып,түркітанушы, педагог, аудармашы Телжан Шонанұлының туғанына 125жыл толуына орай «ХХ ғасырдың басындағы жазу реформасы:Телжан Шонанұлы мұрасы» атты конференция ұйымдастырды

Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер Қазақстанның латын әліпбиіне өту үдерісі кезінде маңызды жұмыс атқарып жатқан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметіне табыс тіледі.
April 16, 2019

Белдеу және жол» бастамасы: Түркия перспективасы

2019 жылдың 15 сәуірінде Еуразия ғылыми-зерттеу институты тарапынан ұйымдастырылған және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінде өткізілген конференцияда құрметті қонақ ретінде Таяу Шығыс техникалық университетінің Халықаралық қатынастар бөлімінің профессоры, доктор Хүсейін Бағжы «Белдеу және жол» бастамасы: Түркия перспективасы» атты тақырыпта баяндама жасады.